Павлодарда ҰБТ-ға көмектесемін деп 1 миллион теңге алған бұрынғы мұғалім ұсталды. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жәбірленуші ер адам полицияға арызданған. Павлодарда мектепте мұғалім болып жұмыс істеген азамат ҰБТ-ны тапсыруға көмек көрсетемін деп өзінен 1 миллион теңге алған.
Аталған дерек бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің өңір аумағында осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Полиция азаматтарға егер осындай алаяқтық әрекеттердің құрбаны болса, бірден құқық қорғау органдарына жүгінуді ескертеді.
Биыл жылдың басынан бері Павлодар облысында 1 872 киберқылмыс тіркелді.