Тоқаев Үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогына барды

Алғаш рет өткен турнирге әлемнің 14 елінен 300-ден аса спортшы қатысып жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Президент кубогының негізгі шараларының бірі – үстел теннисінен әлемдік жұлдыздардың қатысуымен өтіп жатқан шоу-матчты тамашалады,  деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Олимпиада чемпионы Сюй Синь (ҚХР), әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жүлдегері Шлагер Вернер (Аустрия), әлем чемпиондары Фан Бо (ҚХР) және Чу Се Хёк (Корей Республикасы) сияқты үстел теннисінің майталмандарымен әңгімелесті.

Алғаш рет өткен турнирге әлемнің 14 елінен 300-ден аса спортшы қатысып жатыр. Олардың арасында ITTF рейтингісі бойынша, ең үздік 100 теннисшінің қатарына енген ойыншылар мен Қазақстанның танымал спортшылары бар.