Дзюдошы Еркен Бекәлі Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды

Ол 66 келіге дейінгі салмақтың финалында қарсыласынан басым түсті.

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы Еркен Бекәлі жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол 66 келіге дейінгі салмақтың финалында қарсыласынан басым түсті.

ҚР ҰОК мәліметінше, Бекәлі шешуші белдесуде Ауғанстан спортшысы Башир Кадириден айласын асырды.

Бұған дейін Фатима Сұпығалиева Азия ойындарында дзюдодан алтын медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.