Мегаполистер мұқтаждық көрмейді
Мегаполистер мұқтаждық көрмейді
138
оқылды
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан және Ал­ма­ты қала­лары­ның әкімдерімен бейне­бай­ла­ныс арқылы кеңес өт­кізді. Бұл жөнін­де Ақор­­даның баспасөз қызметі ха­барлады. Алтай Көлгінов Қасым-Жомарт Тоқаевқа елор­дада­ғы қа­­зіргі ахуал және корона­ви­­­рус­­тың таралуына қар­сы каран­тин ен­гізілуіне байланысты қабыл­дан­ған шаралар жайында есеп бер­ді. Президент қала тұрғындарын ең қажетті тауар­лар­мен және азық-түлікпен толық қамтамасыз ету­дің маңызын атап өтті. Мемлекет басшысы Нұр-Сұл­тан қаласында ор­на­ласқан шет мем­лекеттердің дипломатиялық өкіл­­­діктері мен халықаралық ұйым­­дарға қатысты туын­даған мә­­селелерді тез арада шешіп, тиіс­­ті көмек көр­сету керегін айт­ты. Қасым-Жомарт Тоқаев ко­ро­навируске қарсы күрес­тің маңы­зын айта келе, қала тіршілігіндегі бас­­қа да өзекті мәселелерді күн тәр­тібінен түсірмеуді, атап айт­­қанда, су тасқынын ерекше ба­қы­лау­да ұстауды тап­сырды. Сонымен қатар Бақытжан Са­ғын­таев Қасым-Жо­март Тоқаевқа Алматы қаласының карантин ен­гізу жағдайына әзірлігі, қосымша дайындалған төсек-орындар са­ны, коронавирус індетінің та­ралуы­­на қар­сы күреске қажетті бар­лық ресурстар мен құрал­дарды жұ­мылдыру туралы баяндады. Мемлекет басшысы еліміздің ірі мегаполисін азық-түлікпен қам­тамасыз етуге байланысты мә­селе­лердің шешілуіне ерек­ше көңіл бөлуді, сондай-ақ әлеу­­мет­тік маңызы бар тауар­лар­дың ба­ғасын қатаң ба­қылауда ұстауда тап­сырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Ба­қыт­жан Сағынтаевқа Ал­маты об­­­лысының әкімімен бірлесіп Ал­маты қала­сында жұмыс іс­тей­тін өңір тұрғындарының мега­по­лиске қатынау мәселелерін пы­сықтау қажеттігін айтты.  

Айхан ШӘРІП