Түркістан облысында көпқабатты үйде газ жарылды

Зардап шеккендер бар.

Түркістан облысының Отырар ауданында үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйде газ жарылысы болды, – деп хабарлайды Tengrinews сайты  QazaqGaz Aimaq  акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 30 қазан күні кешкісін Шәуілдір ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстың себебі — газ жүйесіне өз бетінше қосылу.

«Бір адам зардап шекті, бірнеше пәтердің зақымдануы тіркелді. Газ беру уақытша тоқтатылып, желілер тексерілуде», – делінген хабарламада.