Қауымдастықтардың қатынасы нығаяды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынас­тар институтының ректоры Анатолий Торкуновпен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы ММХҚИ-дің халықаралық қатынастар саласы бо­йынша білікті мамандарды даярлаудағы беделін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университе­ті­нің базасында ММХҚИ филиалының ашы­луын құптады. Қазір мұнда 100 студент білім алуда.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей академиялық қа­уым­дастықтарының нәтижелі ықпалдастыққа ұмтылысы екі ел арасындағы қарым-қа­тынасты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.