Әлеуметтік желілерде екі дүркін әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Махмұд Сабырханның қайтадан үйленгені туралы ақпарат тараған соң, жұрт назарын оның қалыңдығы Айғаным Ержігітова аударды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Боксшының жаңа отбасылық қуанышын бейнелейтін видеолар Айғанымның парақшасында жарияланып, көпшіліктің қызу талқысына түсті.
Тойдан кейін Айғаным Ержігітова жеке жазба қалдырып, желідегі түрлі пікірлерге сабырмен жауап берді:
“Барлығын көріп, біліп отырсыздар. Әр нәрсенің өз себебі бар. Себебін білмей, артық сөге көрмеңіздер. Бір күні бәрінің жауабы табылады. Өткен өмір артта қалды – біз жаңа өмір бастадық. Алдағы күнмен ғана өмір сүреміз. Ешкімнің сөзі маңызды емес”, – деп жазды ол.
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан — Қазақстанның ең үздік жас боксшыларының бірі. Ол 2023 және 2025 жылдары әлем чемпионы атанып, Париж Олимпиадасында 57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған еді.