Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микрокаржылық ұйымдарға, несие серіктестіктерге және ломбардтарға арналған пруденциялық нормативтерді айқындайтын ережелерге өзгерістер енгізді.
Құжатта қаржылық тұрақтылықтың негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесі нақтыланып, мерзімі кешіктірілген берешекке қатысты жаңа талаптар енгізілді.
Енді микрокаржы ұйымдары келесі шектеуді сақтауға тиіс: 90 күннен асып кеткен мерзімі өткен микронесиелердің үлесі жалпы несие портфелінің 10%-ынан аспау керек.
Ал 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін бұл шекті деңгей уақытша 15% болып белгіленді.