«Поэзия» номинациясы: Өлеңдер

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Ұлы дала" республикалық шығармашылық байқауы

Авторы: Айко

 

Қазыланлы қарттарым 

Қазыналы абыз қария,

Ақылы теңіз дария,

Айтқаны ақыл өсиет,

Бойында жақсы қасиет.

Қазыналы қарттарым.

 

Ақсақал қария жасында,

Ақ түскен самай шашына.

Қол жайып бата жасаған,

Қазанда піскен асыңа.

Қазыналы қарттарым.

 

Кимешек киген ақ әжем,

Әжеммен жарық бар әлем.

Ақ үйде ұршық иірген,

Тарысын тартқан диірмен.

Қазыналы қарттарым.

 

Құрт майын қақтап жинаған,

Жұрт айтып мақтап сыйлаған.

Салиқалы салт- дәстүрмен,

Домбырада күйі ойнаған.

Қазыналы қарттарым.

 

Біз қазақ!

Тал бесікпен әлдилеген,

Саналы ұрпақ біз қазақ!

Ақ сүтімен ананың

Бойына дарыған баланың

Ана тілін ардақтаған біз қазақ!

Ар - намысын ешкімге

Таптатпаған біз қазақ!

Салт-дәстүрін сақтаған

Ғұрыпты ұлт біз қазақ!

Ел қорғаған батырларын

Ақын жырау абыздарын

Ұлыларын құрметтеген

Ұлықтаған біз қазақ!

Егеменді азат елімде

Ұлан байтақ жерімде

Еркін өскен біз қазақ!

Ата - баба мұрасына

Қорған болған біз қазақ!

Сәйгүлікпен аламанда

Көкпар берген біз қазақ!

Қонақ келсе құрметтеп

Төрін берген біз қазақ!

 

Қонақ жайлы қасиетін

Терең ұққан біз қазақ!

Бабалардың өсиетін

Термелеген біз қазақ!

Қазақ десе мақтанам

Қайыспаған жанымыз

Байрақты көкке көтеріп

Ту ұстаған халықпыз!

Еш уақытта қажымаған

Қайраттанған біз қазақ!

Мен қазақпын сен қазақ

Түбіміз біздің бір қазақ!

Байлығына жерімнің

Қорған болған біз қазақ!

Сақ болайық сақтанайық

Алаяқтан біз қазақ!

Келешекті ойлаңдар

Айналайын әр қазақ!

 

Текті қалам – Түркістан

Түркістаным тарихи текті қалам.

Керуені жүріп өткен аңыз далам.

Мұсылманның төгілген иман нұры,

Пейіш төрі, мекені жұмақ болған.

 

Пайғамбар кітабы ашылды тәңірі көктен.

Жыр- сүлей , абыздары жырын төккен.

Ақсақ Темір ,әмірі айғақты көпке,

Әулиелі Әзіретті баба, жатқан өлке.

 

Хан Сұлтан билері бар тақ көтерген.

Салт-дәстүрі сақталған сақ көнеден.

Рухы киелі Түркістанның төрінде,

Қария, қарттың ақ батасы төгілген.

 

Түркістаным тіршіліктің бұлағысың.

Болашақтың жанып тұрған шырағысың.

Топты жарып батыры туын тіккен,

Қасиетті қорғаным тұрағымсың.

Түркістаным құт мекенім қазынам.

Шоқтығы биік рухани Астанам.

Өркениеті өркендесін өлкемнің,

Түркістаным көрікті қала көркемім.

 

Ана тілім - Айбыным!

Ана тілім - мойнымдағы тұмарым.

Ана тілім - гауһар шашқан жұмағым.

Тілім барда таусылмайды қуатым,

Тілім менің сәуле шашқан шуағым.

 

Өзге тілмен сөйлегенім надандық.

Сізде болсын ұлтпен тілге адалдық.

Тіршілікте тірек болған тілімді,

Қорлатпауың құрметтеуі адамдық.

 

Су ішпесе қызыл гүлде қурайды.

Тіл тағдырын ойлап көңіл тулайды.

Сөзбен кескен өтірікпен жаланы,

Ана тілім өзгеге - бас бұрмайды.

 

Ана тілді - шұбарласам астамдық.

Ана тілді жасымыздан жастандық.

Қазақ болып қазақ тілді қорласам,

Өз өзіме жасағаным қастандық.

 

Танып білдім Ахметтей абызды.

Ой санама білім нәрін тамызды.

Ғылымыңда адамзаттың парызы,

Тілге құрмет, Елге құрмет маңызды.

 

Ынтымақ ел бірлігі.

Бірлігі бар елге ынтымақ келеді.

Кім екеніңді сәлеміңнен біледі.

Мансап қуып менсінбесе туысың ,

Ту сыртыңнан мазақ етіп күледі.

 

Араз болма текті елдің ұрпағы.

Тату жүрсең ойылмас жер ұлтаны.

Қалыс қалмай аралассаң туыспен,

Абройың асқақ болып артады.

 

Ынтымақтың ұяласын ырысы.

Дем береді тіршіліктің тынысы.

Тату болып ынтымақты болайық,

Бірлікті біз сыйластықтан табайық.

 

Ұлт – ұлысқа бөлінбейік ағайын.

Ауылдаспыз досқа толы маңайым.

Дастарханда дәм-тұзымыз жарасып,

Ынтымақты достығыңнан табайын.

 

Береке бірлік ынтымақтың бастауы.

Мереке тірлік нанға толған астауы.

Қуаныш сыйла көңілді шаттық еліңе,

Шуақты күннің шапағын шашты аспаны.

 

Домбыра

Домбыра - сары даланың жыр- аспабы,

Көңілдің күйін тербеп сыр ашқаны.

Қос ішек, тоғыз перне толғанып бір,

Тарихтың шежересін таратқаны.

 

Құйқылжып жырау болып сөйлегенім.

Күйменен шертіп- толқып тербелемін.

Бабалардан қалған асыл теберік бұл,

Тектілікті танытқан көсіл мұрам.

 

Бір ішек - арым болса, бірі - намысым.

Солармен шертем елдің ар-намысын.

Күй толқып көңілімде ән өрлейді,

Тыңдасаң тебіренер жан құрышың.

 

Домбыра- жүрегімнің лүпілі екен.

Қазақтың көкейінде үні бекем.

Қолымда тұрғанында асыл мұра,

Тілім де, дінім де, менің тірі екен.

 

Қос ішек -қылыш емес, қанат арман

Қоңыр үнмен жан еріп санаң оңған.

Жыраудың үні жетсе бүгінгіге,

Домбыра ұрпақтарға мұра болған.

 

Поэзия

Поэзия сырлы менің мұңдасым.

Жазған сырым өміріңе арналсын.

Жүректегі бар сырымды ақтарып,

Жан дүниеме жылу болған қорғансың.

 

Поэзиямен сыр шерітіп келемін.

Қуат берген көркем сөзбен сен едің.

Ақындары қалам тартқан сырласып,

Ықыласпен құрметтеп, бас иемін.

 

Поэзия әріпімен өрнектелген өлеңім.

Ғибрат алып оқысаң егер сен мені.

Шындық сөздің алауымен оянып,

Жазып келем ,айтып жүрем тек сені.

 

Поэзия тас болған жүректі жібітеді.

Поэзия мұздаған көңілді ерітеді.

Поэзия солғын көңілге гүл ектіреді.

Поэзия сырлы сөздің жұпарын жеткізеді.

 

Поэзиямен өтеді ай жыл көктемім.

Сөзіңнен білем, жүрекке жылу жеткенін.

Мұңайған жанды сырларымен жұбатып,

Киелі өлеңнің қалдырған маған шекпенін.

 

Қарауытқан күңгірт ойды тербеген.

Соқпағы ауыр азапты ғұмыр сергелдең.

Тәтті қиял сезімдерімен аялап...

Адамзатты баурап алып сендірген.

 

Өлеңсіз жанды ормансыз құспен тең көрдім.

Өлеңменен тыныстаған өр кеудем.

Тұмшаланған тұнық ойдың пердесін,

Ашып айтуға, өлең жолмен жөнкөрдім.