«Поэзия» номинациясы: Жүректе қалды сағыныш (Көпен Әмірбековке арналады)

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Ұлы дала" республикалық шығармашылық байқауы

Авторы: Алаш азаматы

 

Өтсе де жылдар, зымырап сағат, ай күндер,

Өзіңді іздеп, сөзіңді іздеп қайғырды ел.

Екі ғасырдың жалғанған өмір жолында

Әмірбек Көпен күркіреп өткен айбынды ер.

 

Қалжыңға қосып өткір сөз айтқан өрнекті,

Сөзінде сүбе, ойлары болған көрнекті.

Өнер көрсетіп, «Тамаша» ойын-сауықта,

Тұтас қазақты тәтті сөзімен тербетті.

 

Барыстың жылы келгенде күннің көктемі,

Отырар елі туған жер болған мекені.

Суретте салып, ұста да болып жасында,

Азамат етіп баптаған өмір мектебі,

 

Көп жылдар бойы тергеу ісін де тергеген.

АРА журналда адал қызметпен өрлеген,

Тәрбие беріп талай жастарға өнерден,

Төрелік етіп, Жайдарманда да тер төккен.

 

Ардақтап әркез жүруші едім қадірлеп.

Жақсының атын жаханға түгел мәлімдеп.

Әкеммен жылдас, әкеммен құрдас болған соң,

Құрметтеп өтем әкеммен қатар көкем деп.

 

Әкеміз ылғи тума талант деп мақтайтын.

Әзілге баулып, бізді де біраз баптайтын.

Әкемде кетті, көкемде кетті бұл күнде,

Сөздерін енді санаға түйіп сақтаймын.

 

Жұбаныш ұлы жұртына медеу болар шын.

Әкедей асқақ, әкедей асыл боларсың.

Үлгілі болып, Көпеннің ізін жалғайтын

Тау тұлға болып мол мұраттарға жол алсын.

 

Қазақы қалжың бейнесіндейсің көкемнің,

Қазақы қалжың күймесіндейсің көкемнің.

Әзілмен шыны аралас әрбір сөздері,

Бағасы биік, қапдірі қымбат көкемнің.

 

Өмірдің өзі күлкіден ғана тұрмайды.

Адамды кейде тұнжыратады мұң қайғы.

Қараша күзде қазағым тартып бір қаза,

Нар тұлға ерін жоғалтып елі жылайды.

 

Жайдарлы жүзбен жетпістің басып белесін,

Сұм ажал деген тағдырдың тартып жебесін,

«Көпен келе жатыр» деп күткен кезде,

Қол бұлғап кеттің, келместің міңніп кемесін.

 

Уақыттар өтіп сырғысын мейлі сан сағат,

Шуағын елге шашсада күн мен таң шапақ

Тау тұлға енді оралмас күліп ортаға,

Іздеймін десең, сағынам десең МАРХАБАТ

 

Көкейде қалды, көптеген оймен сан арман,

Жетпіс бес жасқа толатын едің бар болсаң,

Жақсымен талай сырласып жолдас болдың да,

«ЖОЛ ЖӨНЕКЕЙЛЕП» өтіп кеттің ау жалғаннан

 

Қалжыңың қалар қазақтың мәңгі есінде.

Есімің тұрар өнердің алғы көшінде.

Сағыныш толы естелік қана айтылар,

Көпен Әмірбековті еске алу деген кешінде

 

Шымкент жұрты шаттығын шашып маңайға

Той думан жасап ҚЫЗҒАЛДАҚ атты сарайда,

Бірінші сәуір Көпен көкемді еске алып,

Фестиваль жасап, сыйлық таратты талайға.

 

Қиналмай өтіп, қиямет күнгі сұрақтан,

Орын алсын деп жәннаттың төрі жұмақтан,

Қол жайып әркез Алладан тілек тілеймін.

Қалдырмай бір сәт ықыласы шексіз дұғамнан.

 

Күлкі сыйлаған көрікті Көпен сіз дейміз.

Ізіңді басып, ізгілік жолын үзбейміз.

Өшпестей болып, жүректе қалды сағыныш,

Өзіңді үнсіз көңіл төрінен іздейміз.