«Поэзия» номинациясы: Тобыл Толқыны (Міржақып атамен сырласу)

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Ұлы дала" республикалық шығармашылық байқауы

Авторы: Ғазалжан

 

Ниетпен мен де алдым қалам қолға,

Сөз жырын тізбектейін сара жолға.

Қалайша ақынды мен жырламайын

Дүбірлі той дүркіреп жатқанында.

 

«Оян, қазақ!»-деп, ұрандап,

Намысты қайрап жаңғырды.

Халқының қамын мың ойлап,

Түнекті түріп таң қылды....

 

Қапаста қалған көп ойды,

Бостандық жолға жетелеп.

Еліне адал арманмен,

Көп қызмет жасап ед(і)

 

Ұлт үшін туған ұлы ер,

Шындықпен жүрді тіке өр.

Қаламы-найза, сөзі-оқ,

Жүрекпен әркез айтып шер.

 

Қасқайып өткен тар жолда,

Шыншылдық қалды артында.

Ұрпағың бүгін тағзым ғып,

Бас иеді рухыңа.

 

140 жыл-жарқын із,

Жұлдыздай жанған асыл сөз,

Міржақып-рухы биікте,

Ұлтымен бірге мәңгі кез!

 

***

Тыңдаушым тыңдар болсаң аянбайын,

Ақын жайлы жүректе жырлар дайын.

Жырлаған таңды таңға ұластырып

Жырауларша сырымды баяндайын.

 

«Бақытсыз Жамал»-шындықты,

Шертеді сыр ғып, зар ғып шын.

Қыз тағдырын жоқтаған,

Алғашқы роман-жарқын мұң.

 

Өлеңмен айтып өкпесін,

Ойымен қақты кекпесін.

Зұлматқа қарсы сөз болды,

Жүрекке мұң еккесін.

 

Жазғанда жүрек лүпілдеп,

Халқының мұңын жеткізді.

Ақиқат үшін алысып,

Өмірін сонымен өткізді.

 

Жарығы едің аз ұлттың,

«Оян,қазақ!»,-деп тірілттің.

Қаламыңнан тамған әрбір жол,

Шырағы еді үміттің.

 

Ақын жайлы айтылар талай аңыз,

Болашаққа жеткізу бізге парыз.

Өр қазақтың алпауыт күрескері

Мәңгілікке өзіңмен мақтанамыз!

 

Қашалып таста есімі қалатындай,

Қалмады менде енді сыр айтылмай.

Екі көзі от болып жанған екен

Бойындағы алып күштің қуатындай.

 

Ақын жайлы осы менің білерім,

Ойымдағы аз ғана бір тілегім.

Берсе деймін біздер сынды жастарға

Елі үшін соққан ұлы жүрегін!