Авторы: Гүл қыз
Бүгінгі ұрпақ-келешек Отан келбеті
Айналдым сенің атыңнан, қазақ,
Ел болдық еркін ақ пейіл азат.
Желбіреп тұр ғой көгімде биік,
Көк туың көркем жібектей ғажап!
Қазақстан – Отаным менің!
Біліммн биік биіктер сана
Болашақ Отан – бүгінгі бала.
Ілімің болса пайдалы берер
Шәкіртің болар Абайдай дана!
Білімді Отан , мәңгілік жаса!
Еңбекке баулы шәкіртті лайым
Болады ертең маман бір дайын
Еңбекқор ұрпақ көркейтер ертең...
Ойлайды мәңгі Отанның жайын
Еңбекқор ұрпақ – айбыным менің!
Ана тілмен мақтанатын ұрпақ сүй
Тілім барда анықталар біздің күй
Өз тіліңді қорлап жатса ұрпағың,
Қалмас білем, қалмас білем, ұлттық сый!
Ана тілім – қадірлім менің!
Мәртебем биік ұстазбын бүгін
Ететін еңбек шәкіртім үшін
Ыбырай салған сара жол мәңгі
Жаңғырып білім, кірлемеу үшін!
Мамандығым – асылым менің!
Білім, ғылым – бұл заманның тұмары,
Отанымды гүлдендірер шырағы.
Көкжиегі кеңейіп кең мәңгілік,
Адал болсын Жаңа Отанның ұрпағы
Қазақстан – өз үйім менің!
Еңбек барлығын жеңбек
Істесе еңбек салып бір жанын
Жейтіні анық еңбектің нанын
Береке, баққа кенелер сонда,
Алла да ашар пенденің бағын.
Жасаса жақсы ерінбей еңбек
Жүрмей құр бекер тауып ап ермек.
Төккендер терін адалдық жолмен,
Білсең ғой , досым, бәрін де жеңбек.
Жаңарған қазір қаншама қала,
Сәнденіп кеткен секілді дала.
Бой көтеріп тұрғандар анау,
Еңбекпен тұрған ғимарат қанша
Қып-қызыл еңбек мұндалап тұрған
Көктемде жанып, қыстарға тоңған
Құрылысшы, ауыр еңбегің үшін,
Мың мәрте рақмет айтамын саған!
Сен басқан жерлер әдемі неткен
Айнала әсем , ғажап та көркем.
Көше сыпырушы тұлғалар, рақмет
Таң атпай солар сыпырып жүрген.
Еңбектің түбі – қайнаған жұмыс
Істейік еңбек жарамас тұрыс
Жұмысшы көп қой қылатын еңбек
Шақырып жүрер береке-ырыс
Өткізбе ғұмыр бос ыржың, күлкімен,
Жүремін деме ауырдың үстімен
Адалдық барда еленер еңбек
Мақсатқа жетерсің тек өз күшіңмен!
Әулиеата – құт қонған киелі өлке.
Әулиеата – құт қонған киелі өлке.
Адамдығы, адалдығы болар өрде.
«Халық менің шын атым» деген Жамбыл
Жыр бабамнан сезілген ұлттық мүдде.
Әулиеата – құт қонған киелі өлке.
Жүрегіммен өрілер өлең кейде.
Небір талант тудырған топырақ қой,
Қара жаяу болмаспын содан мен де.
Кененнің сазын, назын қадірлеймін.
Әр жырында құндылық, асыл деймін.
« Көкшалақ» әнін естіп өскен соң,
Жеңіл-желпі әндерді менсінбеймін.
«Найзадан қол босаса қалам алған»
Ар-намысты жырларды қанмен жазған.
Қайсар рухты нарым бар Бауыржандай,
«Отан үшін от кешкен» қайран бабам!
Ту еткен әділет пен намысты
Елестетер бәрімізге барысты.
Қоғамдағы арсыздықпен біз үшін,
Шерхан атам «бір кем дүние» деп алысты.
Өлеңімен кестелеген ойларын
Алланың сезетіндей қолдауын
Мұралары мәңгі өлтірмес оларды,
Берсе екен ақындардың жолдарын!
Әулиеата -құт дарыған құтты мекен.
Мен – өзіңде өскенімді мақтан етем!
Ақындардың жолдарын қумасам да,
Дәл солардан үйреніп өлең өрем.
Бала -бақыт
Балалардың шат күлкісі әдемі.
Олардың ерекше ғой әлемі.
«Бауыр етің» деп бекерге айтпаған,
Мен соларды жырға қосқым келеді.
Өмірім дәл солармен тым ғажап,
Жүремін солар үшін алаңдап.
Балалар аман-есен жүрсе екен,
Өссе екен бақытты боп жалындап.
Мен емеспін заманға берер баға.
Ұстатар оқиға көп бізге жаға.
Аман-есен болсыншы балапандар,
Қолдап жүрсін көктегі жалғыз Алла!
Бір гүлім, екі ұлым бар шүкір, Алла.
Шәкірттерім – олар да маған бала.
Бәйгеден оза шауып жүреді,
Мен олармен мақтанамын қашанда.
Жүргенім солар үшін елеңдеп.
Биіктен тек көрінсе екен деп.
Ұстаз деген ана екен екінші,
Дүниеге әкелмедім өзім тек.
Балалардың жылы болсын бек құтты.
Ғалым болсын, адам болсын бақытты.
Бала деген – болашағы заманның,
Олар бізге дүниенің жаһұты.
Мақтанышым – Астана
Елордамды қалай мақтан етпейін,
Мол ырысқа толып жатса төскейім.
Қасиетті, қалың елім – орманым,
Орманымда жас терек боп көктейін.
Бәйтерегім – биігімнің өресі.
Жол нұсқап тұр ұлы іске келесі.
Ақордада көк туымыз асқақтап,
Көк аспаннан көрініп тұр төбесі.
Мақтанышым – жерім менің – кеңдігім,
Ата-бабам – рухым менің – ерлігім.
Жаса мәңгі , Бәйтерегім, көктей бер,
Бар ғаламға таныт елдің өрлігін.
Өр Астанам, құшағымды ашайын,
Сағынып кеп мауқымды бір басайын.
Әр жыл сайын тағы келіп өзіңе,
Жыр маржанын алдыңнан мен тосайын.
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Мұның бәрі бірлігімнің арқасы.
Сезінемін басқа қонған бақ-құтты,
Ежелден ел дәл осындай сәт күтті.
Елорданың келбетіне көз тоймай,
Жан жүрегім жыр арнады шаттықты.