«Поэзия» номинация: Қадірі алатаудан биік тұр ғой

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Ұлы дала" республикалық шығармашылық байқауы

Бүркеншік аты: Динар

 

Халқымның біртуары, данышпаны,

Қазақ жазба әдебиеті арыстаны.

Ибраһим – Абай келді дүниеге,

Қарқаралы Шыңғыстауда алыстағы.

 

Жырларымен тәнті қылған талайды,

Күллі халқы тау тұлғаға балайды.

Жүрегімен елін сүйген данышпан,

Ей, жас толқын, Абайды оқы, Абайды!

 

Жолын қуып жастайынан ғылымның,

Болмысыңмен жұрт көзіне іліндің,

Өлеңдері жүректерге нұр құйған,

Қара сөзі бұлағы ғой білімнің.

 

Абай биік, беу, данышпан қалпында,

Әр сөзінен нәр алатын бар тұлға.

Абай – дана, Абай – дара әрқашан,

Өлмейтұғын сөз қалдырған артында.

 

Құнды ойдың биік тұрған мұнарасы,

Құлатып алмайды ел сірә да осы.

Жүректің төрінен нық орын алған,

Алаштың алдаспандай ғұламасы.

 

Жүрекке өлең-сөзді жиып бірдей,

Сөзіңе адамзатты ұйыттың ғой.

Қабірі төмпешік боп жатқанменен,

Қадірі Алатаудан биік тұр ғой.

 

PS: Ұлтым деп соққан жүрегі,

Лайық шексіз сыйға Абай.

Абай атам – үлкен шың,

Абай атам – Гималай!