«Поэзия» номинациясы: Ұлы дала Абаймен егіз ұғым

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Ұлы дала" республикалық шығармашылық байқауы

Авторы: Jappas

 

Елім деген еміренген, қазақ деп қайғы жұтқан.

Абай деп үн қатады, табиғат тау мен аспан.

Сөзінде тектілік бар, Алашты сүйген шексіз.

Қазаққа шын жанашыр, жырлары дәлел сөзсіз.

 

Еліңді сүю деген, мінезден жаратылған.

Қазақтың бас ақыны, анадан дара туған.

Өзінше сөз саптаған, өзгеге ұқсамайтын.

Шыңғыстау тауларында, Абайдың үні айқын.

 

Ойлы сөз керек десең, Абайға үңілгейсің.

Әр сөзі ғибратты ой, түрлі ой түгендейсің.

Абайды шын түсінсең, данышпан пікірлерін.

Шылбырды мығым ұстап, атыңды тізгіндейсің.

 

Көзіңе жаста келер, қилы жыр ой салады.

Жүректі тазалаушы, жас еді бір амалы.

Өртеніп өзегің бір, кей кезде ызаланып.

Арамза адамдарға, шығады ыза анық.

 

Біреуге мылтық бердім, ол мерген болды мені атты.

Күшікті асырадым, ит болды мені қапты.

Бұл сөздер Ұлы Абайдан шыққанда сол кезеңде.

Сатқындық қай кезде де, болғаны айдан анық.

 

Достықты білгің келсе, ақыннан үйренгейсің.

Жақсы мен жамандықты, саралап түгендейсің.

Сөз ұқпас әр қазақтан, күнде мен жеңілем деп.

Ақынның өзі айтқан, сол сөзді жүгендейсің.

 

Жаманға сөзіңіз зая, бос өтер секундтыңда.

Қарағым, қадірін біл, бұл өмір минутында.

Жамандық жолда қалар, ілеспес шаңыңа жай.

Адамдық жетелейді, пендені алға қарай.

 

Махаббат Абайда бар, шын сүйген, сұлу құшып.

Тектілік мінезімен, бір суып, бірде ысып.

Шын сүйсең егерде сен, сезімге адал болғын.

Махаббат деген сезім, қадірлі асыл ұғым.

 

Жақсылық жасай білгін, ықылас, мейіріммен.

Тамшыдан құралған-ғой, шағын көл, теңіз терең.

Ата-ана қадірін біл, тіріде ағайындар.

Сенде де қартаясың, жүзіңнен әрің таяр.

 

Өмірің алма кезек, боқ емес боқтың қабы,

Боқтан сасық боласың, өлсең тағы.

Абай ақын айтқандай, фәни жалған.

Шүкір де атса егер Алла таңы.

 

Қазақты тілсіз көру мүмкін емес.

Тілсіз адам, мақұлық, сағым елес.

Ана тілді қадірле, ағайындар!

Абайдың тілі ол тіл, саған кеңес.

 

Қазақты Абайменен біріктірдім,

Абайдың өлеңдері тұнық бір түн.

Қазақ барда Абайың тірі болар,

Ұлы Дала Абаймен егіз ұғым.