«Поэзия» номинациясы: Балалық шаққа саяхат

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Ұлы дала" республикалық шығармашылық байқауы

Авторы: Қара қыз

 

Кетіп барам асыға,

Жанталасып елменен.

Кенет біт сәт қыз бала,

Шықты алдымнан көлденең.

 

Сәлемдесті майысып,

Сәби үнмен кіршіксіз.

Қайда асықтың дегендей,

Шымыр етті бұл денем.

 

Шаштары да бейтарау,

Беті-қолы шырыш тым,

Ойын ойнап сол күні,

Жуынбады ау дұрыс тым.

 

Құшағыма қыстымда,

Құшырлана қарадым.

Жаны неткен тап-таза,

Келмейді екен ұрысқың.

 

Жас алдымда көзіме,

Бойымнан іздеп балаң із,

Сүйе бердім саусақтан,

Кіп-кішкентай тарамыс.

 

Мен кіммін?!- – деп бір уақыт,

Сұрақ қойдым өзіме.

Сұлулықты іздесең,

Сол бір қызға қараңыз.

 

Қыз жанары жылжытты,

Жиырма жылды кейінге.

Қамсыз бала күнім-ай,

Қарамайтын киімге.

 

Ошақ жанып, шай қайнап,

Тұратұғын есімде.

Нанның исі бұрқырап,

Шығатұғын үйімде.

 

Сол бір күндер ертегі,

Дәл қазіргі сәт бәрі аңыз.

Балалық шақ бақ мекен,

Сүйсіне қараңыз.

 

Ал, сау боп тұр кішкентай!

Ой салған бар үлкенге,

Аман жүрші әрқашан,

Сүп-сүйкімді қара қыз.