«Поэзия» номинациясы: Міржақып – ұлт рухының шамы

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Ұлы дала" республикалық шығармашылық байқауы

Авторы: Сұлу

 

Алаштың ақ таңынан сөз бастайын,

Өткен күннің азабына көз тастайын.

Міржақыптай арысты еске алып,

Ұлты үшін құрбандығын есте ұстайын.

 

Қарға тамыр қазақ үшін жан берген,

Алты Алаштың бойына қан жіберген.

«Оян, қазақ!» деп жар салдың жалындап,

Түнекте үміт жақтың жанып, ұшып.

 

Қара бұлттай қаптаған қара күнде,

Сөзің болды шырақтай дала түнде.

Жетімдік пен жоқшылыққа мойымай,

Үмітпенен жеттің білім ойына-ай.

 

Жас жүрекпен сен ұмтылдың білімге,

Нұр септің қараңғылық түбіне.

«Оқы, үйрен, еңбек қыл!» – деп ұрандап,

Жол аштың талай жастың биігіне.

 

Адалдық пен ар-намысты серік еттің,

Жалғандықтың торына сенбеп едің.

Тәрбиенің тамырын терең іздеп,

Жас ұрпаққа шындық нұрын сепкен едің.

 

Тағдыр сынмен алдыңнан тосса да азап,

Еш мұқалмай әйел мұңын жырладың ғажап.

Қоғамдағы кемшілікті ашық айтып,

Жүрекке жақтың үлкен, ұлы шырақ.

 

Қалың елдің мұң-зарын жеткізем деп,

Қағаз бен қалам саған сырлас болды.

Ахмет пен Әлихан тіреу болып,

Алаш үшін ұлы істе жолдас болды.

 

Бодандықтың қамытын киді қазақ,

Бұғауланып, шерменде күйді қазақ.

Еркін елдің еңсесін езді заман,

Тілсіз жандай түнеріп, мұң құшып азап.

 

Жойылды еркін дәурен, салт пен сән,

Саясаттың сұр тұманы жапты бәрін.

Отаршылық оғына төтеп берген,

Жыр ғана айтты ел  запыранын.

 

Зұлмат заман темірдей құрсау салды,

Қамау, тергеу – бостандықты тартып алды.

Соловкидің суық желі қарыстырып,

Асыл жанды мәңгілік ұйқыға алды.

 

О, Міржақып, азаппен ғұмыр кешкен,

Жалғанда елі үшін отқа түскен.

Сынаптай сусып кеткен бақытты іздеп,

Жетер мұраң жүректерге жүректен.

 

Сен еккен дән – бүгінгі еркін ұрпақ,

Тәуелсіз ел – сен арман еткен шын бақ.

Білім, еңбек, тәрбие жолында,

Ұрпақ үшін болдың талай құрбан.

 

Рухың мәңгі шам болып тұр аспанда,

Ел санасын сөзің келіп ашқанда.

Міржақып, сен оятқан ұлттың рухы,

Жарық шашар ұрпақтың әр қадамына!