Авторы: tomiris_tulga
Қасиетті қазағымның кемеңгері,
Тым асқақ өршіл, өткір өлеңдері.
Ақиқатты айшықтап айтып өткен,
Таңғажайып талант қой әлемдегі!
Туылып талантты ақын қазағымда,
Күллі әлем таңырқаған ғажап тұлға!
Ойшылдық аспанынан орын алған,
Қазақ елі – әлемнің назарында!!!
Ататын таңдарымдай арайлы әсем,
Шамырқанған шындықтың шар айнасы ең!
Шыңға біткен шынардай тұлғаланып,
Мерейім өсіп кетер, Абай десең!!!
Абай десең, бойдағы бар өнерім,
Қанат қағып самғайды қара өлеңім.
Өлең сөздің патшасын таққа қойып,
Ұғынған ғалам сыры, әлем мұңын.
Түңілген пенделіктен арлы ғылым.
Парасаты секілді барлығының –
Шуағы боп төгілген асыл да күн!!!
Адамдықтың айнымас дастаны шын!!!
Абай деген - арлы әлем, асқақ ұғым!
Ымырасыз, кер кезең зымыстан дүлей,
Шамшырақ-жүрек жана да білген үп еткен желге жарығы сөнбей...
Бейдауа дерттің ғайыбыменен ғарышты бүрлей...
... Толғана басып Абай барады?!
... Түнек тілгендей,
... Түнек сүйгендей...
... Қазақты тағы басады үрей...
... Шыңғыстау.
... Жалғыздық ...Шшымылдық ішінде
Көлеңке... сүлей
... Толғана басып Абай барады...
... Бейдауа дерттің ғайыбыменен ғарышты бүрлей...
... Жыршы ғұмырдың кебі қалды мұнарта түскен...
... «Жүректің басынан у төгілгендей»