Алматыда екі апта бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

Ол 14 қазанда жоғалып кеткен.

Алматы қаласында 14 қазанда жоғалып кеткен 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілер қозғалысы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, Абдусалам Таскуловтың мәйіті 30 қазан күні табылған.

Ер адам 14 қазан күні Қарасай ауданы "Асыл Арман" шағынауданындағы үйінен сағат 22:30-да шығып кетіп, қайтып оралмаған.