Стамбұл әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Стамбұл әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Фото: Интернеттен алынды
199
оқылды
Анадолы агенттігінің хабарлауынша, Стамбұл әуежайында ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетті. Сабихи Гёкчен атындағы әуежайда Измир – Стамбұл бағытындағы жолаушылар ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенген. Өрт сөндірушілер ұшақтан шыққан өртті дер уақытында сөндірген. Түркияның көлік және инфрақұрылым министрінің айтуынша, жолаушылардың бәрі аман-есен. Бірақ зардап шеккендер бар. Оқиға орнынан түсірілген суреттерге қарағанда, ұшақ үшке бөлініп кеткен.