Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқановаға айыппұл салды

Ведомствоның мәліметінше, Мөлдір Мұқанова (Instagram парақшасы — Moldir.mt, 2,3 миллионнан астам жазылушысы бар) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі танымал комик Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы, блогер Мөлдір Мұқанованы заңсыз онлайн-ұтыс ойындарын ұйымдастырғандар тізіміне қосты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Мөлдір Мұқанова (Instagram парақшасы — Moldir.mt, 2,3 миллионнан астам жазылушысы бар) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабы  6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Осы жылдың қазан айында ол 589 800 теңге (150 айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл төлеген.

Мұқанова бұл бап бойынша жауапқа тартылған жалғыз медиа тұлға емес. Бұған дейін, сәуір айында блогер Дархан Жолшыбек (3,1 миллион жазылушысы бар) дәл осындай құқықбұзушылық үшін 393 200 теңге (100 АЕК) айыппұл төлеген еді.