2025 жылғы 3 қарашада Алматы қаласындағы Республика сарайында ЮНЕСКО эгидрасымен ұйымдастырылған THE PLANET OF ART – 2025 халықаралық жастар фестивалінің музыкалық циклінің Гала-концерті өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Іс-шараны Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен және А. Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесімен бірлесіп ұйымдастырды.
Сахнада Әзербайжан, Армения, Гондурас, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Корея, Қырғызстан, Латвия, Мексика, Нидерланды, Ресей, Румыния, АҚШ, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Швейцария елдерінен келген 18 елдің 12 мен 18 жас аралығындағы 40 лауреат өнер көрсетті. Олар вокал, аспаптық және хореографиялық бағыттар бойынша өз шеберліктерін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының симфониялық оркестрі сүйемелдеуімен, маэстро, «Astana Ballet» театры мен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының бас дирижері, «Құрмет» орденінің иегері Арман Қуанышұлы Уразғалиевтың жетекшілігімен өнер көрсетті.
«Биылғы жылы жоба бұрын-соңды болмаған ауқымға жетті. Фестивальге 18 елдің өкілдері қатысты, ал Гала-концертке екі жарым ыңнан астам көрермен жиналды. THE PLANET OF ART жыл сайын өз көкжиегін кеңейтіп, жаңа буынды ЮНЕСКО құндылықтарының рухындағы өзара түсіністікке, достық пен шығармашылыққа шабыттандырып келеді», – деді Дүниежүзілік және Қазақстандық ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Федерацияларының президенті Болат Оралұлы Ақшолақов.
Концерт бағдарламасына Абай Құнанбайұлының, Нұрғиса Тілендиевтің, Петр Чайковскийдің, Сергей Рахманиновтың, Антонио Вивальдидің, Жорж Бизенің шығармалары, сондай-ақ мерейтойлық және халықаралық мәдени оқиғаларға арналған заманауи музыкалық туындылар енді.
ЮНЕСКО эгидрасының аясыгда өткен THE PLANET OF ART халықаралық жастар фестиваліне биыл 20 жылдан аса ұйымдастырыл жатыр. Осы кезеңде жоба әлемнің түрлі елдерінен шамамен 90 000 қатысушыны қамтып, ұлттық деңгейден халықаралық деңгейге дейін кеңейді.