Авторы: Ғисса Г.
/романтикалық трагикомедия/
Қатысушы кейіпкерлер:
Салтанат - жас шамасы 27 жаста, сұңғақ бойлы аққұба қыз. Психотерапия орталығында психолог маманы.
Аян - жас шамасы 30 жаста,стильді киінген спорттық денелі жігіт. Физика саласы бойынша ғылыми зерттеу орталығының қызметкері.
Алмас - Аянның досы, қызба мінезді, жас шамасы 30 жаста. Орта бойлы қара торы жігіт. Баспахана орталығының қызметкері.
Дариға - Салтанаттың құрбысы, жас шамасы 29 жаста. Мінезі салмақты.
Анар - Аянның жүріп жүрген қызы.Жас шамасы 28 жаста.қара торының әдемісі.
Айбол - Салтанаттың жігіті. Жас шамасы 34 жаста. Әнші.
Арман-Алтын - Аянның ата-анасы.(Жас шамалары 55-50 жас).
Қайрат-Сауле - Анардың ата-анасы.(Жас шамасы 60- 55 жас .).
Салтанаттың сіңілісі- Жігітімен-Жас шамасы 22 жаста.Ерке қыз. Жігіті шамамен 25 жаста.
Сатушы 45-50 жас , Продюсер, Мырза, Емделуші, Еден жуушы, Үй меңгерушісі, Дизайнер, Даяшы, Көше әншісі, Такси жүргізуші, Ана мен Бала т.б.
САХНА1
Қыс мезгілі, Түс ауа. Алматы қаласының әуежайының іші , әр түрлі бағытқа ұшуға асыққан жолаушылардың қозғалысы мен әр түрлі тілде сөйлеген адамдардың дыбыстары, күтілген рейстердің хабарландырулары естіліп тұрды. Аян шамаданын сүйреген күйі әуежайдың ішінде келе жатып, орындықтың біріне отырды.
Аян: Ұшақтың кешігіп келгенін қарашы, әттеген-ай! Уақытынан ұшып шыққанда ғой, семинарға үлгерер едім. (Қапаланып).
Аян, сөйлеп отырып сыйлықтар (әшекей бұйымдар) сататын дүкенін көріп, дүкенге қарай жүреді. Осы кезде шамадандарын сүйреген Салтанат пен Аян сыйлықтар (әшекей бұйымдар) дүкеніне жағаласа кіріп, сөреде тұрған күн мен ай бейнесіндегі күміс алқаға екеуі бірдей қолдарын созды.
АЯН: Кешіріңіз. (Салтанаттың көзіне тура қарап жымиды).
САЛТАНАТ: Кешірім өтінемін. (Аянның жанарына ұяла қарап жымиды).
АЯН: Сізге қажет пе? Егер керек болса сіз ала беріңіз.( Салтанатқа қарап жымиды).
САЛТАНАТ: Жоқ, өзіңіз ала беріңіз (Алқаны аянға қарай итеріп жымиды).
АЯН: Мырза, мынау алқадан тағы біреуін бере аласыз ба? (Аян сөренің арғы бетінде тұрған сатушыға бұрылып сұрады).
Сатушы: Сөреде не тұр, бары сол!(Даусын көтере сөйлеп).
САЛТАНАТ: Қоймада барма екен? Қарап көріңізші ? (Сатушыға қарап сыпайы түрде).
Сатушы: Жоқ, бізде қойма түгіл шатырда да жоқ. (Мысқылдап сөйлеп).
АЯН: Алқаларды сіз алыңыз, маған керек емес. (Аян алқаны Салтанатқа қарай ұсынады).
САЛТАНАТ:Жоқ-жоқ, сіз бірінші көрдіңіз, сіздің алғаныңыз дұрыс болар. (жымиып).
АЯН: Бір минут күте тұрыңызшы......
Аян қолындағы күміс алқаны сөреге қайта қоя бергені сол еді, дүкенге кірген әйел адам балалар арбасын сүйреп, сөредегі алқаны алмақшы болды. Әйелдің артында тұрған арбада шамамен 2-3 айлық кішкентай қыз бала жатты. Әйел бірден алқаны қолына алып, қызына қарап жымиды.
Әйел: Бұл сен үшін әдемі болады қызым! (Қызына қарап жымиды).
АЯН: Кешіріңіз ханым, бұл алқа бізге тиесілі еді. (Әйел адамға қарап).
Әйел: Ааа, алқа сіздердікі ме?(Таңғалып).
АЯН : Иә, иә, біздікі. (Жымиып).
Әйел: Сөре үстінде бағасымен тұрған зат қалайша сендердікі болады? ( Таңғалып).
АЯН: Біз осы алқаны алып, өзара талқылап тұрғанбыз ғой. Енді сол бізге жақын көрініп қалды.(Жымиды).
Әйел: Рұқсат болса мен алқаны сатып алайын, сіздер әрі қарай талқылай беріңіздер.(Қалжыңдап сөйлеп).
САЛТАНАТ: Алқа кейбір адамдар үшін өте маңызды түсінесіз бе?
Әйел: Кімдер үшін сонда? (Таңғалып).
АЯН: Менің қызыма..
САЛТАНАТ: Менің жігітіме...
АЯН: Оның жігітіне. (Сасқалақтап).
САЛТАНАТ: Оның қызына.(Жағаласып).
АЯН: 18 айдан кейін ол менің қалыңдығым болады, түсінесіз бе?
Әйел: Ал, мен алқаны қызыма алып қоймақшымын. Күміс алқа қыз баланың бой жетіп, ересек өмірге қадам басуына деген қамқорлық пен ізгі тілекті білдіреді ғой. Бұл сыйлық оның болашағына жол ашып, жақсылық пен қорғауды білдіреді .(Жымиды).
Осы сәтте сөйлескен дауыстардан шошып кеткен кішкентай қыз кенеттен шар етіп жылап жіберді.
АЯН : Қарашы, кішкентай жылап кетті ғой… Даусымыз қаттырақ шығып кеткен сияқты.(Абдырап).
САЛТАНАТ:Қазір, мен оны тыныштандырайын. (Кішкентай қыз жатқан арбаға жақындап). Әлди-әлди, бөпешім, Жыламашы, көкешім. (Салтанат әндетіп арбаға үңіліп қарағанда кішкентай қыз жылағанын қойды).
Әйел: Баланы баптау да бір өнер ғой. (Күліп).Біз қайтайық.
Салтанат: Ханым, алқаны сіз ала беріңіз…(Әйелге қарап жымиды).
АЯН: Иә, әлбетте ала беріңіз. Кішкентай жыламаса болды..…(Басын изейді).
Әйел: Жоқ-жоқ, сендер ала беріңдер. “Бірінші келген - бірінші ал”. “Алғаш келген, алғыс ал” “Алғашқы болып көрген - екінші болып көргеннен артық” деген сөз бар ғой. Сендерге бұйырсын! Сендерге жарқын күн, жарылқаушы тағдыр тілеймін! Біз алып үлгіреміз әлі.(Әйел сөзін аяқтап кетіп бара жатады).
АЯН: Рахмет сізге, келе жатқан Жаңа жылыңызбен аман болыңыз....(Артынан даусын көтере сөйлеп).
Әйел: Күміс алқа киелі нәрсе ғой, үміт пен бақ алып келсін сендерге. (Әйел шығып кетеді).
АЯН: Алқаны алуға сіз лайықтысыз, өйткені сіз бірінші таптыңыз. (Алқаны Салтанатқа беріп).
САЛТАНАТ: Рахмет, бірақ бұл командалық жұмыс болды. (Жымиды).
Кафе “Жүрек үні”, Аян мен Салтанат устел басына келіп жайғасады.
АЯН: Керемет жер екен.(Таңырқап).
САЛТАНАТ: Иә, саған білдірген алғысым болсын, ақысын өзім төлеймін.(жымиды).
АЯН: Әрине рахмет, енді маған қызыма басқа сыйлық табуым керек болды.
САЛТАНАТ:Айтпақшы сен алқаларды сүйген қызыңа алмақшы болдың ғой. Мен сол үшін оларды қабылдай алмаймын. (мұңайып).
АЯН: Алқаларды алуыңызға тура келеді, әйтпесе төлем жасауға рұқсат бермеймін.(жымиды).
АЯН: Керемет жер екен кофесі де дәмді. Бұл жерді қалай таптыңыз?
САЛТАНАТ: Мен алғаш рет кафенің атауына байланысты кірдім. «Жүрек үні» бұл менің сүйікті сөздерімнің бірі.(Жымиды).
АЯН: Солай ма, неге?(Әзілдеп жымиды).
САЛТАНАТ: Бұл сөз сондай құлаққа жағымды естіледі. Сәтті оқиғаны білдіреді.(ойланып).Дегенмен, мен кездейсоқ оқиғаларға сене бермеймін, меніңше барлығы тағдырдың жазуымен болады деп ойлаймын. (Сөзін нақтылап).
АЯН: Сонда барлығы тағдырдың жазуымен болады деп ойлайсың ба?(Таңданып қарады).
САЛТАНАТ:Иә, мен солай ойлаймын.(Жымиды).
АЯН:Маңдайымызға жазғанды көреміз дейсің ғой, сонда бізде таңдау жоқпа не?(Жымиды).
САЛТАНАТ:Таңдау бар әрине, бірақ менің ойымша біз шешімді өзіміз қабылдаймыз. Тағдыр бізге белгі береді, ал бақытты болу болмау өз қолымызда.
АЯН: Демек белгі де, (ойланып) бақытты оқиға, кездейсоқ сәйкестік, мәселе Макс Планк пен квант теориясы сияқты дейсің ғой.(жымиып).
САЛТАНАТ:Ой, сіз ғылымға жақын екенсіз ғой. Иә, пенициллинді ойлап тапқан Флемминг сияқты.(жымиды).
АЯН: Әлде, Аян мен алқалар ма?(Әзілдеп).
САЛТАНАТ:Мен ол (жайлы) туралы естімеппін (Жымиды).
АЯН : Бұл халық ертегісі. Аян деген бір адам алқа іздеп жүріп, ішкі түйсігінің арқасында Астананың қызын кездестіріпті. (жымиды).
САЛТАНАТ:Солайма, мен естімеппін.(Күлді).
АЯН: Иә, дәл солай. Айтпақшы, сіздің жігітіңіз барма?(Жымиды).
САЛТАНАТ: Ия, бар. (Жымиды).
АЯН: Бәсе, біліп едім.
САЛТАНАТ: Ал өзіңіздің сүйген қызыңыз барма?(Ұялып қарап).
АЯН: Әрине бар...
САЛТАНАТ: Негізі жақсы отырыс болды.
Даяшы жігіт: Құрметті қонақтар! Белгіленген жұмыс уақытының аяқталуына байланысты 10 мин соң кафе жабылады.(Кіріп келеді).
САЛТАНАТ: Керемет отырыс болды. Рұқсат болса, мен тұрайын, менің кетуім керек еді.(Салтанат сөмкесін алып орнынан тұрады).
АЯН: Әңгімеміз аяқталмай қалған секілді. Жақсы, ендеше, тұрсақ тұрайық.
Аян мен Салтанат кафеден далаға шығып әнгімелесіп келе жатты.
САЛТАНАТ: Жаңа жылға қандай сыйлық алғыңыз келеді? Әлде, арманыңыздың орындалғанын қалайсызба?
АЯН: Негізі, армандарым көп қой. (ойланып) Ғылыми зерттеу орталығын ашқым келеді. АЯН: Қазір жігітіңізге барасызба? (Жымиды).
САЛТАНАТ: Жоқ, ол да сіз сияқты жүрген шығар
АЯН : Басқаның қызына көз салып па?(Әзілдеп).
Салтанат тез-тез басып алдыға жүре бастады. Аянның бұл сұрағына жауап қайтармады.
АЯН:Кешіріңіз, сізбен өткен бүгінгі кеш мен үшін керемет өтті. Рұқсат болса, телефон нөміріңізді бере аласыз ба? Қажет болып қалар.(Сыпайы түрде сөйлеп,Салтанат машинаның есігін ашады).
САЛТАНАТ: Не үшін қажет болады? Егер бізге кездесу жазылған болса, біз міндетті түрде кездесеміз ғой.
АЯН : Сіздің есіміңіз кім болады? Менің есімім Аян.
Салтанат Аянның бетінен сүйіп таксиге отырып кетіп қалды.
АЯН: Осымен бітті ме сонда? (Ашуланып).
Аян кетіп бара жатып мойынын ұстап, мойындағы шарфын кафеде қалдырып кеткенін есіне түсіреді.
2 САХНА
Аян кафеге қайта келіп, ұмытып кеткен шарфын алады. Осы кезде Салтанатта келіп тастап кеткен алқаларын алуға келеді. Екеуі қайта кездесті.Бір-біріне қарап күлімсіреп тұрды.
АЯН :Қарсы болмасаң бір жерге барайық.
Алматы кинозалының ішінде үлкен экранда кино көрсетіліп жатады. Аян Салтанатқа сөйлеп отырып, қолындағы попкорнын шашып алды. Екеуі күліп әңгімелері жарасып отырды.
САЛТАНАТ:Кино көріңіз немесе попкорнға қараңыз. ( Күлді).
АЯН: Есіміңізді де, айтқыңыз келмеді ғой? Айтпақшы Астананы сағындыңыз ба?
САЛТАНАТ:Анамды қатты сағындым.
АЯН: Менде сізді сағынатын болар едім. Есіміңізді айтсаңыз. (Жымиды).Айтпақшы, сүйікті киноңыз барма?
САЛТАНАТ:«Махаббат бекеті» ұнайды. Сіз көрдіңіз бе ?
АЯН: Ооо.. «Махаббат бекеті» дегенді естідім, бірақ көрмеппін. (ойланып).
Караңғы түсіп қалған кез. Екеуі көше бойында келе жатты. Салтанат жерден қарды алып Аянға, ойнап лақтырып қалып еді, аяғы тайып, жерге құлап түсті. Аян күліп тұрып, Салтанатты қолынан тартып тұрғызды.
АЯН: Мен туралы білгіңіз келетін тағы сұрағыңыз барма?
САЛТАНАТ:Қаншалықты мықты екеніңізді көрейік?(Күлді).
Күліп тұрып, жерден қарды алып, Аянға қарай лақтырып қалып еді, Салтанат жерге құлап түсті.
АЯН: Амансың ба? Еш жеріңді жарақаттап алмадың ба? (Жымиды).
Аян Салтанатты жерден қолынан тартып тұрғызып жатып, қолындағы қалға көзі түседі.
САЛТАНАТ: Бәрі дұрыс. Сіз менің қолымдағы қалыма қарап тұрсыз. Осы қалдан кейде ұяламын, жасырып жүруге тырысамын.(Ұялып).
АЯН: Бұл жай ғана қал емес, бұл жерден “Үркер” жұлдызын көріп тұрмын.Қараңызшы! Аспандағы “Үркер” жұлдызын көріп тұрсыз ба? (Аспанға қарайды.).Қазақ аңыздарының бірінде «Үркер» шоқжұлдызы жан жарын табуына байланысты. Бұл аңызда “Үркер” ғашығынан айырылған сұлу қыз ретінде бейнеленген. Тарих бойынша ол аспанға көтеріліп, “Үркер” шоқжұлдызына, ал ғашығы «Сүмбіле» шоқжұлдызына айналған.Түнгі аспанда Сүмбіле Үркердің соңынан ереді, бірақ оған ешқашан жетпейді, бұл жоғалған жан жарын мәңгілік іздеуді білдіреді. Бұл өткір әңгіме қазақ ауыз әдебиетіндегі махаббат, жоғалту, сағыныш тақырыптарын көрсетеді. Аян сөмкесінен кітабын алып, Салтанатқа сыйға тартады. (Естелікке).
САЛТАНАТ: Оооо, Рахмет! Стивен Хокинг. “Уақыттың қысқаша тарихы”жайлы кітап қой. Жұлдыздар туралы керемет аңыз екен, бірақ қайғылы аяқталғаны өкінішті. (Ойланып қалды).
АЯН: Мен сізге сыйлыққа кітабымды, енді сіз маған сыйлыққа номеріңізді берсеңіз, қатып кетер еді.(Жымиды).
Салтанат Аянның иығына тіреп тұрып, нөмірді қағазға жазып Аянға, ұстата қойғаны сол еді, жүйткіп өткен машинаның желінен қағаз ұшып кетті.
САЛТАНАТ:Арқаңызды тосыңызшы...(Аян арқасын тосады.).Телефон нөмірімді жазып жатырмын сізге…
АЯН : Анықтап жазыңыз. (Жымиды).
САЛТАНАТ:Нөмірімді беріп жатқаныма, өзім сенбей тұрмын.(Жымиды).
АЯН: Тағдыр дұрыс жолын берсін.
Қастарынан жылдамдығын асыра өткен машинаның желінен нөмір жазылған қағаз ұшып кетті.
АЯН: Бұл жағдай байқаусызда болды, нөмірді қайта жазып беріңізші? (Сасқалақтап қалды).
САЛТАНАТ: Бере алмаймын, бұл бізге берілген белгі. Тағдыр бізді ажыратады.(Үреймен даусын көтеріп сөйледі).
АЯН: Егер тағдыр біздің бірге болуымызды қаламаған болса, неге бізге кездесуді бұйырды дейсің?(Ашуланып).
САЛТАНАТ:Білмеймін, бұл нақты ғылым емес, бірақ бұл теория.(Түсіндіріп).
АЯН: Сіздің айтқаныңызға келісе алмаймын, барлығы өз қолымызда емес пе? Сонда есімімізді, нөмірімізді білмей кете береміз бе? Сенің ойыңша, қалай сонда? (Аян ашуланып).
САЛТАНАТ:Маған бір ой келді.(Ойланып).
АЯН: Қандай ой?(Таңданып).
Салтанат сөмкесінен 2000 теңгені шығарып, Аянға ұсынып, нөмірін жазып беруін сұрады.
САЛТАНАТ:Телефон нөміріңізді жазыңызшы?
Аян сөйлеп тұрып номерді жазып тұрды.
АЯН: Сіз бар ғой біртүрлі және қызық адам екенсіз.(Таңғалып).
2000 тенгені жүгіріп барып көшеде гитарамен ән айтып тұрған адамға апарып берді.
АЯН: Мә, не істедіңіз сонда? (Таңғалып).
САЛТАНАТ: 2000 теңге маған қайтып келгенде, сізге телефон соғатын боламын. Телефоннан менің даусымды естіп, тағдырға сенетін боласыз.(Жымиып).
АЯН : Тоқта! қайда барасыз, ал мен ше? Мынау барып тұрған әділетсіздік ғой.(Ашуланып).
САЛТАНАТ:Иә, шынында, әділетсіз. Қазір көрейік, не істесе болады екен? Таптым, міне!
Салтанат сөмкесін ақтарып тұрып, Аян берген кітапты есіне түсіреді. Аян берген кітапты сөмкесінен алып, ішіне өзінің есімін, мекенжайын, номірін жазады.
САЛТАНАТ: Осы кітапты оқып шыққан соң, Алматы қаласының кітапханаларының біріне апарып қоямын, кітапты тауып жатсаңыз маған хабарласасыз.(Жымиды).
АЯН: Бұлай жасағаның дұрыс емес болды, негізі, өзің жайлы ештеңе айтпайтын болсаң, бейтаныс адаммен неге сөйлесіп тұрсың? (Ашуланып, даусын көтере сөйлеп).
Салтанат Аян мен өзі орналасқан мейманхананың жанынан өтіп бара жатады.
САЛТАНАТ:Қарсы болмасаң ішке кірейік.(Аянды қолынан тартып).
Аян:Не үшін? (Таңғалып).
САЛТАНАТ:Екеуміз екі лифтке кіріп, кез келген ойымызға келген нөмірді басамыз. Егер басқан нөмірлеріміз сәйкес келсе, біз қайта кездесеміз.(Жымиды).
АЯН:Тоқтай тұршы, мынауың ақылға сыймайды. Егер кездеспей қалсақшы, мен келіспеймін!(Ашуланып).
САЛТАНАТ:Қане кір, есік жабылғанда басасың түсінікті ме?
АЯН:Мен түсінбей тұрмын.(Таңғалып ).
САЛТАНАТ:Түсінетін несі бар, тек сенсең болды.
АЯН:Неге сенейін?(Таңырқап).
САЛТАНАТ:Тағдырға… Менің есімім Салтанат.(Ол қолындағы алқа салынған пакетті Аянға лақтырып, өзі лифтке асыға кіреді де, 7 қабатты басады).
Аян асығыс екінші лифтке кіріп, ол да жеті санының батырмасын басады. Лифт екінші қабаттан тоқтайды.
Еден жуушы: Ойбай, бұл арбаны лифтке қалай сыйғызамын?! Жігіт, сен шығасың ба, әлде кіресің бе? Жол беріп, әрі жылжысаңшы. (Арбаны әрі- бері тартқылап).
Аян еден жуушының арбасының кіруіне жағаласып , лифттан басын шығарып қарайды. Сыпырғылар лифттың есігіне тіреліп жан жаққа құлап жатты.
Еден жуушы:Әй, жігіт, былай тұршы жолдан. Арбаны кіргізе алмай жатсам, жағаласып қайда барасың? (даусын көтеріп).
Аян: Кешіріңіз, апай, байқамай қалдым. Бір адамды іздеп тұр едім. Қазір бәрін орнына қоямын. (Сыпырғыларды жинастырып, арбаның лифтке тартып кіргізеді).
Еден жуушы әйел лифттің қабырғадағы кнопкалары орналасқан панелін сүрте бастайды.
Аян:Апай, не істедіңіз? Барлық қабаттарды басып жібердіңіз ғой? (Ашуланып).
Еден жуушы: Ойбай, байқамай басылып кетті…(Сасқалақтап).
Лифт 3 қабатқа көтеріле бергенде, есік тағы ашылып, балалар арбасын сүйреген әйел ішке ене бергенде, Аян тағыда жағаласып лифттен шығып жан -жағына қарайды.
Аян: Салтанат…..(деп айқайлайды).
Еден жуушы: Әй, жігітім, өзің не істеп жүрсің? Бір шығып, бір кіріп, басқаларға кедергі келтіріп. Асықсаң, баспалдақпен шықпайсың ба? (Аянға қарап).
Аян арба сүйреген әйелмен бірге қайта лифтке кіреді. Лифт іші тар болғандықтан, бәрі бір-біріне жақын тұруға мәжбүр.
Әйел: Қызым, шыдашы, әне, бір минутта жетеміз... (Арбадағы қызына сөйлеп).
Аян: Мен сізді бір жерден көрген сияқтымын. Аааа, айтпақшы алқалар сататын дүкеннен көрген екенмін ғой. Әлгі кішкентай жылауық қыз ғой.(Аян арбадағы кішкентай қызға қарап).
Әйел: Иә, ….әлгі қасыңда құрбы қызыңмен бірге жүрдің емеспе?.. (Ойланып тұрып).
Аян: Иә, Салтанат... осы қабаттардың бірінде мені күтіп тұр.
Осы кезде, арбадағы кішкентай қыз бала мазасызданып жылай бастайды. Еден жуушы қолындағы шүберегін желпуіш қылып, баланы тыныштандырмақ болады.
Еден жуушы:Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін. Байқұтанның құйрығын. Жіпке тағып берейін.
Әйел: Бөтелкесі түсіп қалыптығой. (Кішкентай қызға қарап).
Еден жуушы: Қане, іздейік, бір жерден табылып қалар. Қайда кетті өзі…Таптым…(Еңкейіп, іздей бастайды).
Еден жуушы: Ойбай белім..енді қалай шықтым…(Еңкиген күйі)
Лифт тағы тоқтап, бір топ адам кіре бастайды.Аян жағаласып лифттен шығып, жан-жағына қарап, ішке қайта кіреді.
Аян: Салтанааааат!... (Айқайлап).
Еден жуушы: Мынау не масқара? бір кіріп, бір шығып, баратын жерімізге биыл жетпейтін шығармыз.Маған жол беріңдер!.
Осы кезде лифт тағы тоқтап, еден жуушы шығып кетеді. Аян бір топ адаммен лифттен шығып тағы жан-жағына қарап, лифтке қайта кіреді.
Лифт жоғары көтеріліп,есік 6 қабаттан тағы ашылады. Осы кезде балалар арбасын сүйреген әйел шығады.
Әйел:Салтанатты жолықтыруыңа тілектеспін, жігітім..(Лифттен шығып бара жатып).
Аян: Рахмет сізге….(Аян арба сүйреген әйелмен жағаласып сыртқа тағы шығып қарайды).
Аян жетінші қабаттан шыға берген де, Салтанат екінші лифтке кіріп кетеді.
Аян дәлізбен жүгіре жүріп, жан-жағына алақтап қарайды.
Аян: Салтанат! (Қызды тоқтатып).Кешіріңіз! Қателесіп кетіппін.
3 САХНА
Бірнеше жыл өткен соң. Аянның ата-анасы құда түсуге келді.
Үстел басында құдалар отыр.Аянның ата-анасы (Арман мен Алтын), досы Алмас, қыздың ата-анасы (Қайрат пен Сауле), туған-туыстар.
(Құда кімге түсіп жатқаны жұмбақ).
Құда түсушілердің таныстыруы. Құдалар устел басына жайғасады. Жігіттің ата-анасы өздерін таныстырып, нені мақсат етіп келгенін айтып өтеді.
Аянның әкесі Арман:Өзімізді таныстырып өтейін. Өзімнің есімім Арман, жұбайының есімі Алтын болады. Сонау Алатаудың бөктерінен келген жайымыз бар. Бүгінгі күн біз үшін қуанышты күн болып отыр. Біз баламызды аяқтандырмаққа, болашақ өмірінің жары ретінде, сіздердің аяулы қыздарыңызға, құда түсуге келіп отырмыз. Баламыз Аян, ержетіп, өз отауын көтеретін жасқа жетті. Қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі бойынша, сіздерден батамызды алып, құдалық рәсімін жасамақшымыз.
Қыздың әкесі Қайрат:Сіздермен танысқанымызға қуаныштымыз әрине. Бізде қызымыздың бой жетіп қалғанын байқамай қалыппыз. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген қызым еді. Барлық ата- ана қызының жақсы отбасыға барып бақытты болғанын қалайды ғой. Аян баламыз немен айналысады?
Аян:Ассалаумағалейкүм, қадірлі ата-ана! Менің есімім Аян, физика саласы бойынша ғылыми орталықта жұмыс істеймін. Бүгін сіздермен кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Алдағы уақытта болашаққа деген жоспарларымыздың бірі, отбасын құру. Осы мақсаттарға жету үшін көптеген еңбек етудемін және өзімді дамытып жатырмын.(Ұялып сөйледі).
Аян сөзін аяқтап, қыздың ата-анасына қарайды.
Қыздың анасы Сауле:Ашығын айтатын болсақ, біз қызымыздың болашағы үшін тәрбиеледік, оқыттық, оның бақытты болуы үшін дұрыс таңдау жасағанын қалаймыз. Қызымыз ерке өсті, аздап қырсықтығы да бар.(жымиды).
Қайрат: Дегенмен, ең бастысы- қызымыздың өз ойы. Сол себепті, өзінен сұрағанымыз жөн болар.(қыздың әкесі)
Барлығы есікке қарайды. Бірақ қыз әлі шықпайды. Кідіріс орнайды.
Алмас: Әлде біздің құда түсіп отырғанымызды ұмытып кеткен жоқ па?(сыбырлап, әзілдеп)
Барлығы күліп жібереді.
Алтын:Біз қызымызды көргіміз келеді.(Шыдамсызданып).
Қайрат:Қызым, бері келші!(Есіктің ар жағына дауыстап).
Есіктің арғы жағынан қозғалыс естіледі, бірақ қыз көрінбейді. Оның орнына құрбысы шығып, ата-анасына бірдеңе деп сыбырлайды. Сауле басын изейді.
Сауле:Қыз бала болған соң толқып тұр, бірден шыға алмады. Бірнеше минут күтейік.(қыздың анасы)
Кенет бөлменің есігі ашылып, қазақы көйлек киген қыз бала шығып келеді.
Қайрат:Қызым, бері келші.(Қызға қарап, жылы дауыспен).
Қыз жай басып жақындайды. Аян оның жүзіне анық қарауға тырысады, бірақ ол әлі именіп, төмен қарап тұрды.
Қыз: Сәлеметсіздер ме…(жұмсақ дауыспен).
Алмас: Көзіңді ашып қарашы, мүмкін таныс шығар?(Аянға сыбырлап)
Музыка ойнайды. Құдалық рәсімі жалғасады.
Алмас: Біз Аян екеуміз бірінші курстан бері доспыз, Аян шын мәнінде өз ісінің нағыз білгірі, еңбекқор жігіт. Қызметтестері оны биік жетістіктерге өз соқпағын өзі салып, ешкімнің демеуінсіз адал еңбегімен жеткендігі үшін құрметтейді. Мінезіне тоқталатын болсақ, нағыз ер жігітке лайықтының бәрі бар. Тек арасында қырсықтығы болмаса. Енді кемшілігіне тоқталатын болсақ, қыздармен көп жүретін. (Күлді).
АЯН: Әй, досым-ай…мақтап келе жатып, қыздарың не ? ұят болды ғой.(күлді).
Барлығы күледі. Дастархан басындағы көңілді әңгіме жалғаса береді.
Сахна ақырын жабылады.
4 САХНА
Астана қаласы. Психотерапия орталығы. Салтанат емделуші мен сөйлесіп отырды.
САЛТАНАТ:Айта беріңіз, әрі қарай.
Емделуші: Сүйген қызым туған күнімді тойлатып жатқанда ештеңе айтпай кетіп қалды. Мен одан көз жазып қалдым. Оның бойында бір мін жоқ еді. Білесіз бе мен ол қыздың қасында болғанымда мына ғаламның тартылыс күші екеумізді қосқысы келгендей болды.
САЛТАНАТ:Мінсіз деген сөзді адамға қолданғанда абай болу керек. Өйткені, қандай да бір адамның мінсіз екеніне сеніп қалуға болады. Ондай сенім біздің өз мақсаттарымызға жетуге кедергі жасауы мүмкін.
Емделуші: Сізге шыныменде солай көріне ме?
САЛТАНАТ:Әрине, ем-домды жалғастырсақ, сен басқада адамдарды жолықтырып, біреумен бақытты болып кетесің деп сенемін.
Осы кезде Салтанаттың телефонына қоңырау шалынды. Қоңырауда Салтанатты жедел шақырып жатқанын айтады. Салтанат кабинеттің есігінен шыға бергені сол еді, жігті Айбол қолында бір бума гүлі бар, есіктің сыртында күтіп тұрады. (Айболдың қасында Салтанаттың жұмыстастары тұрады.).
Салтанаттың жігіті Айбол Салтанатқа үйленуге ұсыныс жасайды. Айбол неке жүзігін Салтанаттың саусағына кигізеді, бірақ жүзік дәл келмей қалды.
Айбол: Әуелі маған келісіміңді бер? Менің өмірлік серігім боласың ба? (күлімсіреп).
САЛТАНАТ:Иә (Қуанып).
Салтанаттың жұмыстастары қол шапалақтайды.
• О, бақытты болыңдар!
Осы кезде Айбол неке жүзігін Салтанаттың саусағына кигізеді, бірақ өлшемі келмей қалады.
АЙБОЛ:Бұны жаманға жорамайтын шығарсың, жай ғана кездейсоқтық қой. Ертең барып ауыстырып әкелемін. (Салтанатты құшақтап).
САЛТАНАТ: Үлкейтіп аламыз, өзі әдемі екен.
АЙБОЛ: Сен жұмысыңды жалғастыра бер (жинала бер). Мен досыма хабарласып, сенің келіскеніңді айтайын.
САЛТАНАТ:Ол сонда екеуміз үшін уайымдап жүрме?
АЙБОЛ:Екеумізді емес, ол бал (шәрбат) айының ән сапарымен сәйкес келгенін қалайды.
САЛТАНАТ:Жақсы болар еді.(Қуанып).
5 САХНА
***
Алматы қаласы «Зияткер» ғылыми әдістемелік орталығы мен баспаханасы. Аян досы Алмастың жұмыс орнында.
АЯН: Қайда барсам да, оның есімі алдымнан шыға береді. Сенесің бе ата- анамның таңдаған неке сарайының аты “ Салтанат” ал таксиге отырсам, тағыда “Салтанат” әні айтылып жатыр. Жынданатын болдым… қайда барсам да, алдымнан кездеседі. Тіпті, ойымнан кетпейтін болды. (Даусын көтере сөйледі).
Алмас:Сен бастан кетейін деп жүрсің бе? Сен өз-өзіңді алдап жүрсің, білесің бе? Бір аптадан соң үйленесің. Ойлан, досым! Қайдағы бір қияли елеске бола Анармен араларыңа қауіп төндіріп жүрме.(Даусын көтере сөйледі).
АЯН:Бұл жай ғана ойымдағы адамды іздестіру, мен Анарды жақсы көремін, түсінесің бе?! Оларды салыстыру қате деп ойлаймын. Сонда досымнан көмек сұрай алмаймын ба? (Ашуланып сөйледі).
Алмас: Мен тойда жігіт жолдаспын ғой, білесің ғой. Сен егер дұрыс шешім қабылдаған болсаң, көмектесуге әр қашан дайынмын, досым.
АЯН: Сен Қазақстан бойынша үлкен басылым орталығында жұмыс істейсің, маған Салтанатты табуға көмектес. Кітапты тапшы. (Айқайлап).
Алмас:Маған табу үшін тегі және жеке сәйкестендіру нөмірі қажет. Толық аты-жөнін де білмейміз…Қызық елдер…тап..тап ..деп, мен іздеуге көмектеспей жүргендей.. .(Даусын көтере сөйлеп).
АЯН: Барлық кітапханаларды қарап шығу керек.
Алмас:Бірнеше жыл бұрын қарап шықтым, бірақ кітапты таппадым.
АЯН: Қаралмай қалған кітапханалар бар шығар мүмкін, кітапты біреу сатып алып, қайта сатқан шығар .(Ойланып).
Алмас:Аян мен бұған кіріспеймін. Түсіндің бе ?(Қабағын шытып).
АЯН:Жарайды. Мен кеттім онда. (Қолын бір сілтеді).
Алмас:Аян тоқташы ! Мені күтсеңші енді. Бітпейтін іздеу осыныкі, қашан аяқталады екен, кім біледі? (Ішінен күбірлеп сөйлеп,апыл-ғұпыл заттарын жинастырып, Аянның артынан шықты).
АЯН:Алмас, мен бүгін шынымен қатты шаршадым. Кітап табылмады, бәрі бекер болған сияқты. (Шаршап сөйледі).
Алмас: Ештеңе етпейді, Аян. Өзіңді тым шаршата берме. Мүмкін саған аздап демалыс керек шығар.(Жымиып).
Аян: Мүмкін…(Шаршаңқы киіп танытып).
Алмас ойланып, Аянды үйіне апаруға сылтау іздеді. Себебі Аянның үйінде тосын сый жасамақшы болып қызы Анар күтіп отырды.
Алмас:Айтпақшы, сенің үйіңнің жанында жөндеу жұмыстары басталыпты. Бірдеңе сынған сияқты деп естідім, мүмкін барып тексеріп көрерсің? Электр сымдары болар, қауіпті ғой.
Аян:Шынымен бе? Мен ештеңе естіген жоқпын. Көршілерде тыныш… Ой, жарайды, барып көрейін онда.(Таңырқап).
Алмас:Иә, қауіпсіздік бәрінен маңызды ғой. Мен де бірге барайын, қажет болса көмектесемін.
Аян:Жақсы, жүр, барайық.(Басын изеп).Екуі шығып кетеді.
***
Аянның үйі. Аян досы Алмаспен үйге кіріп, жарықты қосқанда қызы Анар алдарынан шықты. Үйдің іші безендірілген, шарлар ілінген.
Анар:Тосын сый, туған күніңмен! (Жаным немесе Қымбаттым).(Күліп).
АЯН: Мәссаған! Мен мүлдем күтпедім. Электр сымдары дегені қайда? Рахмет жаным. (Қуанып).
Алмас: Қауіпсіздік, әрине, маңызды, бірақ отыз бес жасқа келген жігіттің туған күнің атап өту одан да маңыздырақ. (Күлді).
Анар: Туған күніңмен, жаным! (Күлімсіреп).
АЯН: Рахмет сендерге көп-көп..(Жымиды).
АЯН: Мына киімдер неге шашылып жатыр? (Жан- жағына қарап). Мына киімдерді сен жинастырып жатсың ба? Несіне әуре болдың? Өзім реттеп алатын едім ғой. Бәрі өз орнында тұрғанды ұнатамын. (Сыпайы жеткізгендей болды).
Анар:Мен тек саған көмектескім келген еді. Бірақ сен қалай айтсаң, солай болсын.(Ренжіген киіп танытып).
АЯН: Жоқ, сен мені дұрыс түсінбей қалдың.(Ынғайсызданып).
Анар: Нені түсінуім керек еді? Жәй ғана көмектескім келді…(Үзіліс) Сенің расымен маған сезімің бар ма осы ? Сүйетінің туралы неге ештеңе айтпайсың? (Ренжіген кейіп танытты).
АЯН: Анар кешірші мені …тым артық кеткен сияқтымын.. Сүйем сені, жаным.(Аян Анардың қасына жақындап, Анардың құшақтап жатқаны сол еді, домофон шыр ете қалды).
АЯН:Кім болды екен?
Анар:Жеткізу орталығына тапсырыс беріп қойып едік. (Есік жаққа жүгіріп кетеді).
Осы кезде балконнан досы Алмас шығады.
АЯН: Бәрі керемет, тосын сыйдан, тосын сый... Несіне әуре болдыңдар?(Жымиды).
Алмас: Қарнымда ашып кетті. Сен әуре болмасын деп, кешкі асқа тапсырыста беріп қойдық.
Аян мен Алмас диванда отырады. Аян шашылған киімдердің арасынан алқа салынған пакетті көріп қалады. Пакетті киімдердің арасынан алып қараса..алқаның чегі бар екен.
АЯН: Алмас мынаны қара! Алқа ішінде чегімен бірге тұр екен..(қуанып).
Алмас:Салтанаттың өзін тапқандай қуандың ғой.(Әзілдеп). Анар көріп қалмасын, түсінбей қалуы мүмкін.
АЯН: Мен алқаны сатып алған дүкенге барып келейін, мүмкін Салтанат туралы бір ақпараттар табылып қалар.(Ойланып).
Алмас:Сенің есің дұрыс па Аян? Анарға не деп айтасың?
АЯН:Анарға жұмыста тығыз шаруалар шығып, шақыртып жатыр деп айтамын. Мені уақытша қолдай тұршы, кейін көмек керек болып жатса, саған хабарласармын.(Жалынып).
Алмас:Саған сөзім жоқ бар ғой …Аян асығып шығып кетеді.
6 САХНА
Муз кафелерінің бірінде немесе(Концерт залы). Салтанаттың жігіті Айбол өлең айтып жатады. Салтанаттың қасына сіңілі жігітімен келеді. Салтанаттың қолындағы гауһар жүзікті көреді.
Сіңілісі:Ооо! Қане, маған көрсетші! Көрсетші! ...Жүзігің қандай әдемі, бірақ сен дөңгелек гауһарды армандайтын едің ғой.
САЛТАНАТ:Мен оны қашан айттым? Менің нақты есімде жоқ..(Таңданып).
Сіңілісі: Бірақ, сен бала кезіңде алқа жүзігінің гауһар тасының дөңгелек түрін қалап едіңғой. Айпақшы, меніңде қуанышты жаңалығым бар. Міне қара! Маған да жігітім үйленуге ұсыныс жасады. Бірақ маған өзім қалаған жүзікті сыйлады. Айтпақшы, жақында жігіт жақтан құда түсіп келеді, жұмыс.. жұмыс..деп жүріп ұмытып кетіп жүрме. (Сіңілісі қолындағы жүзікті көрсетеді).
САЛТАНАТ: О-о-о, мынауың керемет жаңалық қой! Сен үшін қуаныштымын, сіңілім. Әрине, ұмытпаймын. (Қуанып сіңілін құшақтайды.).
Осы кезде өлең айтып болған Салтанаттың жігіті Айбол қастарына келеді.
Айбол:Бәрің жиналып қалыпсыңдарғой. Мағанда айтсаңдаршы. (Жымиды).
САЛТАНАТ:Сіңіліме жігіті ұсыныс жасапты. Жақында құда түсіп келеді екен.(Қуанып).
Айбол:Керемет жаңалыққой. Бажалы болатын болдымғой.(Қуанып сіңілінің жігітінің қолынан қысты).
Сіңілісі:Рахмееееет. Бұл соңғы әніңіз әпкемнің шабыты мен жазылғанғой деймін. (Жымиды).
Айбол: Әрбір әншіге өзінің әні шабыт береді ғой.(Күлді).
Осы кезде қастарына, продюсер жігіт келеді.
Продюсер:Кім жақсы жаңалық естігісі келеді? (Ойнап сөйледі).
Айбол: Айта бер…жақсы жаңалық үшін төлеймін.
Продюсер:Жоқ, сен маған жаман жаңалықтарды жасырғаным үшін төлейтін боласың.
Айбол: Жарайды...
Продюсер:Айболдың кешіне сатылған билеттер, сегіз сағаттың ішінде сатылып кетті. Сондықтан бізге тағыда концерттер беруге тура келеді. Бұл менің де еңбегім деп ойлаймын.(Мақтанып).
САЛТАНАТ: Мен ешкімнің кешін бұзғым келіп тұрған жоқ, бірақ біз тойымыздың күнін белгілеп қойдық және емделушілерге қашан кететінімді де айтып қойдым.
Айбол: Жаным, емделушілер бір- екі апта күте алатын шығар?
Сіңілісі: Ол дұрыс айтады, бір-екі аптада тұрған ештеңе жоқ. Корей еліне барып демалған керемет емеспе.
Сіңілісі жігітімен кетіп қалды. Айбол (жігіті ) Салтанатқа қарап.
Айбол: Бәрі дұрыспа? Мен қате айттым ба?
Салтанат: Жоқ, түсінесіңбе менде график алдын ала белгіленген, емделушілер үшін өте маңызды. Соңғы минуттарда жоспарды өзгерткенді ұнатпаймын.
Осы кезде дизайнер айел Айболға (жігітіне) қасына келеді.
Дизайнер: Корей еліне арнап тігілген киімдерді қарап беруге қарсы емесссізбе?
Айбол:О, жақсы келісем.( Дизаайнерге қарайды).
Айбол:Сен қарсы емес шығарсың?(Салтанатқа қарайды).
Салтанат шығып кетеді.
Көшеде жаңбыр жауып тұрды. Салтанат жүгіріп келе жатып, қолынан телефонын жерге түсіріп алды. Телефонды жерден көтеріп жатып, оң жақта ілулі тұрған жарнама бұрышын көреді. Жарнама бұрышында Алматы қаласында өтетін ғылыми зерттеу орталығында соңғы зерттеу нәтижелері мен ғылыми жаңалықтарды талқылау жөнінде лекция оқылады деп жазылған. Қатысушы ғалымдардың тізімінің ішінен Аян деген есімді көреді.
7 САХНА
Аян алқаны сатып алған әшекейлер дүкеніне келеді. Қолындағы алқаның чегін сатушыға көрсетіп, чектағы шоттың нөмірі арқылы, Салтанат туралы ақпарат білгісі келді.
АЯН:Мырза, мен оны табуым керек, мен үшін өте маңызды. (Ентігіп).
Сатушы:Мен бұл жерде жұмыс істеп жүргеніме үш жыл болды, бұндай жағдай бірінші рет болып тұр…(Түсіндіріп).
АЯН:Ия, түсінемін, бірақ сіздің компютеріңізде сақталған шығар.
Сатушы: Менің ойымша сіз менің уақытымды алып тұрсыз.(Қашқақтап).
АЯН:Жоқ, мәселе мынада ….
Аян сөренің ішіне қарай жақындады.
Сатушы:Менің қолымнан ештеңе келмейді. Кешіріңіз, бірақ сізге ішке кіруге рұқсат етілмейді. Мына жақта тұрыңыз. Субардинация сақтаңыз. Бұл аймаққа (касса бөліміне ) тек арнайы рұқсаты бар қызметкерлер ғана өте алады. Сізге кіруге болмайды, мына жаққа тұрып күтіңіз.
Сатушы Аянды сөренің сырт жағына итеріп шығарды.
АЯН:Жарайды, компьютерге шот нөмірін енгізе аласыз ба? Маған бұл өте қажет болып тұр. Сондай-ақ, оның атын айта аласыз ба?
Сатушы:А-А-А-А, сізге керекпе? жоқ, жоооқ.
АЯН:Жиырма мың теңге берсем, мәселені шешуге бола ма?
Сатушы:Көмектесер едім, бірақ уақытым жоқ…
АЯН:Тыңдаңызшы, бұл өте маңызды.
Сатушы:Әй! Тағыда ішке кіріп кеттіңіз! Сізге ішке кіруге рұқсат етілмейді. Мына жақта тұрыңыз. Субардинация сақтаңыз.(ара қашықтықты сақтаңыз). Бұл аймаққа (касса бөліміне )тек арнайы рұқсаты бар қызметкерлер ғана өте алады. Сізге кіруге болмайды, мына жаққа тұрып күтіңіз. Қайталай бергім келмейді. (Ашуланып).
АЯН:Тоқ етерін айтыңызшы, меннен қанша керек? Маған тек есімін білсем болды.
Сатушы: Мен апта сайынғы сатылым көлеміне аздап жетпей тұрмын.
АЯН:Жетпей тұрсызғой?(Таңғалып).
Сатушы: Айтып тұрмын ғой.
АЯН:Жарайды мен қазір…
Сөренің ар жағындағы ілулі тұрған белдіктің біреуін алады.
Сатушы:Керемет таңдау!
АЯН:Рахмет, шоттың нөмері 2906…..
Сатушы:Сіз менің апталық көрсеткішімді орындап берем дедіңіз ғой. Белдік он мың теңге тұрады, әлі сексен мың теңге жетпейді.
АЯН:Сексен мың теңге?! Сіз мені бопсалап тұрсызба? (Ашуланып).
Сатушы:Сауатты сауда бұл.. (Мысқылдап).
АЯН:Айтыңыз, сонда мен не істеуім керек?
Сатушы:Белдікті немен киетінін білмейсіз бе?(Костюмді ұсынады).
Аян костюмді киіп тұрып, айнаға қарайды.
АЯН:Керемет, нағыз ғашықтықты көрсететін костюм екен, енді тек сол қызды тапсам, киіп бару ғана қалды. (Іштей сыбырлап). Мен барлығын сатып алдым ризасыз ба? Енді тауып беріңіз.
Сатушы:Мен іздеп шықтым, бұл шоттың нөмірі туралы ешқандай ақпарат таппадым. Басқа нұсқа ұсынамын.
Аян сатушының қолындағы чекке қарай жармасты.
АЯН:Бері әкеліңіз ….
Сатушы:Қуып жетіңіз. ..
Сатушы сөреге қарай жүгіріп кетеді.
АЯН:Сіз жындысыз ба, не үшін қуып жетуім керек?
Сатушы сөренің арғы бетінде тұрып.
Сатушы:Бұл жаққа кіруге, болмайды. Кешіріңіз, бірақ сізге ішке кіруге рұқсат етілмейді. Мына жақта тұрыңыз. Субардинацияны сақтаңыз.(Ара қашықтық ережесін сақтаңыз)Бұл аймаққа (касса бөліміне )тек арнайы рұқсаты бар қызметкерлер ғана өте алады. Сізге кіруге болмайды, Қайда барасыз?.
Аян сөренің бер жағынан сатушының жағасынан ұстап жұлқылай бастады.
АЯН:Қайталауды доғарыңыз, әйтпесе, маған ренжімеңіз.
Сатушы:Басқа нұсқа ұсынамын….дедім ғой.
АЯН:Тез айтыңыз!
Сатушы:Сатып алушының қағаз құжаттары біздің қоймада сақталады. Сізден тек шоттың нөмірі керек. Сізге қоймаға кіру үшін, біздің жұмысшы қажет.Мынау ши барқыт лофер (вельвет лофер) сіздің көңіл-күйіңізді...
Сатушы тағыда қораптағы аяқ киімді Аянға көрсетті. Аян ұсынған аяқ киімді ашуланып қолмен қағып жіберіп шығып кетеді.
8 САХНА
Айбол продюссер мен видео көріп отырды.
Айбол: Тоқта ! Мына жерде топырлаған адамдардың не керегі бар?
Продюсер: Сен оларды өз әуеніңмен арбап тұрсың! Сенің әніңнің мағынасы фольклорлық немесе эстрадалық жанрларда орындалады, ал дыбыстары мен мелодиясы адамдардың сезімдерін, табиғат сұлулығын жеткізеді, түсіндің бе? Әлде жоқпа? Бұл жай ғана ән емес. Біз бұл клип арқылы музыкалық әлемді төңкеріп, бәрін таңқалдырамыз!... Атыңа мініп, аңға шығып жүресіңде көлде жүзіп жүрген Ханшайымды кездестіресің, ол да сені ұнатып қалады, сосын екеуіңіз айлы түнде билейсіңдер. Бір кезде алыстан қарап тұрған Зұлым патшаның әскерлері ұстап алады, сені сарқырама судан лақтырып жібереді. Сен құтқарылып, атыңды тауып алып, сол патшалықтың ауылын іздеп тауып, көшеде бейшара адамды патша әскері қинап жатқанды көріп, сен садағыңмен тигізіп құтқарып қаласың. Патшадан зәбір көрген халық сені біздің құтқарушымыз деп тани бастайды, барлығы қуанып билей бастайды. Зұлым патшаның патшалығын көрсетіп, әнмен шығарып салады. Зұлым патша сиқырын көрсетіп, Ханшайымды арбап жатыр екен, сосын жыландар паташаның бұйрығымен Ханшайымды қоршап алып кереге, уыққа, шаңыраққа айналып, сосын киіз үйге айналып кетеді. Сен соны көріп, садағыңмен Зұлым патшаны атқанда теспейді, қылышыңмен кескенде кеспейді. Сені патша әскерлері қоршап, ол қарқылдап күле бастағанда, соңғы деміңмен өзіңнің музыкалық аспабыңмен жырлай бастағанда бәрі билей бастайды. Зұлым патша басын ұстап ақыра бастағанда жарылып кетеді. Қалай? Айтып отырмын ғой, қазақтарды жылататын туынды жасаймыз деп.
Айбол: Ай білмеймін, мыналарға ән әсер етіп жатқанға ұқсамайды. Сен шын сенесің бе бұған? Сонда қалай, мен әрең дегенде сұлуыма қол жеткізуге, сонша шақырым жүріп, ат тербетіп келдім. Неге олар мені сонда ақпен сосын шашумен қарсы алып алмайды?
Продюсер:Әрине сенемін!
Айбол: Жарайды… шоудың соңын осындай эпикалық нөмірмен бітірдік делік. Ал енді ол режиссер шоуымыздың басын қалай бастайын деп жатыр?
Мүмкін, ең бірінші қараңғы экран, одан кейін жүрегімнің қағысы, сосын төменгі дауыспен монолог оқып жатырмын, бір уақытта үлкен экраннан қараңғыдан көзім жұмылып тұрып, жылап шықсам? Экраннан жұмулы көзіммен шығып, бір уақытта көзімді ашқанда, оң көзімнен экранды тесіп шығып, сол оң көзімнен шыққан көзжасыммен бірге ағып шыққандай эффектімен сахнаға түссем? Сахнаға түскенде көзімнің жасыммен үсті-басым дамқыл, жаңа анадан туған жаны пәк, жас сәби сияқты? Қалай саған? Ұнады ма?
Продюсер: Браво…не деген данышпандық! Біз керемет туынды жасап жатырмыз. Бұл адамдар не түсінсін? Мен ойлап тапқан идея...
Айбол:Қалайша сен тапқан идея?
Продюсер:Ойй, иә, сенің сосын мен ойлап тапқан идея адамдардың санасын төңкеріп тастайды.Қазақ әуені жаңа дәуіріне қадам басады! Браво!.. (қол шапалақтап) Қарада тұр, бұл шоу бүкіл музыкалық индустрияны құлатады!(саусағын шошайтып, даусын көтере сөйледі ). Бұл адамдар не түсінсін? Менің идеямда сондай-лау еді.
Бәрін билетеміз! Және соңындағы сол Қара киімдегі Зұлым патшаның қызы ортасында жыланмен билейді, сосын үш жігіт айналасында билейді. Киіз үйдің сыртында, ішінде, төбесінде билетеміз. Киіз үйге айналған жыландардың сиқыры кетіп, жарылып кетеді. Бұл сюжет қазақтарды құлатады. Сосын солай Ханшайымыңды құтқарып аласың. Ал, міне өзіде келді.
Осы кезде Салтанат қастарына келеді.
Продюсер: Міне ханшайымның өзі де келді.
Айбол: Салем жаным.
САЛТАНАТ:Сенімен сөйлесейін деп едім.(Жымиып).
Осы кезде продюсер тұрып кетеді.
Продюсер: Жарайды мен кеттім онда. Мен шоудың басы туралы режиссёрмен сөйлесіп өзгертулер енгіземін.
Айбол:Не болды? (Салтанатқа қарап). Режиссёрге сосын шашу туралы айтарсың,.. ақтыда ұмытпа! (Продюсерге).
САЛТАНАТ: Кеше кілтімді жоғалтып алдым.
Айбол: Қап! Әттеген-ай.Енді?
САЛТАНАТ: Сосын кілтті тоңазытқыштың ішінен тауып алдым.
Айбол: Түсінсем бұйырмасын, әзілдеп тұрсың ба?(таңырқап).
САЛТАНАТ:Жоқ, әзілдеп отырған жоқпын. Той алдындағы жоспарлар, саяхат, менің науқастарым, бәрі қарбаласып кетті.(шаршаған киіп танытып).
Айбол: Түсінікті, ертең Корей еліне аттанамыз, маған сылтау айтқаныңды қой.(жымиып).
САЛТАНАТ: Білемін, білемін, сол үшін маған бір жаққа барып сергіп қайту керек сияқты.
Айбол: Түсінбедім, қайда кету керек саған? (таңырқап).
САЛТАНАТ:Мен бір жола кетейін деп тұрған жоқпын. Тек, демалысқа бір жаққа барсам деймін. Бой сергітіп, ойымды жинақтап дегендей, екеуміздің қарым қатынасымызға, оның зияны тимес еді. Бұл өзім үшін керек. Егер сен құптамасаң мен ешқайда бармаймын.(мұңайған киіп танытып ).
Айбол: Барып келсең болады.(жымиды).
Салтанат Айболдың бетінен сүйіп кетіп бара жатады.
Айбол: Қай жаққа баратын болдың?(Салтанатқа қарап)
САЛТАНАТ: Білмеймінн, мүмкін Алматыға.
Салтанат шығып бара жатып, құрбысы Дариғаға қоңырау шалады.
САЛТАНАТ: Дариға, Туған күніңмен құрбым!... Сенің туған күніңе, Алматыға барып қайтсақ қалай қарайсың? Екеумізге билет те алып қойдым.(қуанышты дауыспен).
Дариға: Рахмет құрбым…Құдайым-ау,сен рас айтып тұрсыңба? Алматыға барып қыдыратын болдықпа?(Таңғалып).
САЛТАНАТ: Сен бұған не айтасың? Келісесің бе ?(Қобалжып).
Дариға:Салтанат мынауың мен үшін, тым қымбат сыйлыққой.(Қуанып).
САЛТАНАТ:Сонда құрбымды туған күнінде қуанта алмаймынба?(Әзілдеп).
Дариға: Салтанат шыныңды айтшы,сен ол жаққа басқа оймен бара жатқан жоқсың ба? Сенің меннен жасырғаның жоқпа?(Күдіктеніп).
САЛТАНАТ:Жақында тұрмысқа шығамын. Жан құрбыммен бірге Алматыға барып демалғанға не жетсін.(Күліп).
Дариға: Шыныменде ертең барамыз ба?(Куанып).
Салтанат телеф онды өшіріп шығып кетеді.
9 САХНА
Қойманың іші. Аянның айқайлаған даусы шықты. Аянның қасына Аянның досы Алмас пен, сатушы жүгіріп келді.
АЯН:Көрмей тұрмын, нөмір сәйкес келіп тұрма айтыңдаршы?!
Алмас пен сатушы Аянның қолындағы қағазға таласып қалды.
Алмас:Мен қарайын…
Сатушы: Маған бер …
Алмастың қолынан сатушы қағазды жұлып алды.
Сатушы: Салыстыр: 2906 құттықтаймын..
АЯН:Біз тапқан сияқтымыз.(Қуанып).
Алмас:Мүмкін емес. (Таңғалып).
АЯН:Өкінішке орай, тегі (фамилия) өшіп қалыпты.(Көңіл күйі түсіп).
Сатушы: Ол кінәлі, оның саусағы, қағазды тартқанда саусағымен өшіріп тастады. (Сатушы Алмасты меңзеп).
Алмас:Ол басында өшіп қалған болуы мүмкін. (Ашуланып).
Алмас Сатушының жағасына жармасты, ашуланып.
Сатушы: Мен қалжыңдадым.(Ойнап айттым).
АЯН:Мынау қандай мекен жай ? Бұл Салтанаттың мекенжайыма екен?
Сатушы: Ескі мекен жайы шығар. Баспана орталығына барып сұраңдар, бұрын кім тұрғанын анықтап береді.
Үшеуі сөйлескен күйі шығып кетеді.
10 САХНА
Алматы қаласы. Салтанат Дариға мен таксиге отырды.
САЛТАНАТ:Алматының кез келген жеріне апара аласыз ба?(Салтанат таксист кісіге)
Таксист: Қайда барасыздар? Мекен жайды айтыңыздар, мен көріпкел емеспін ғой.
Дариға:Салтанат! Сен сонда мейманханаға алдын ала брон жасамағансыңба ? Туған күніңмен, қыдырамыз дегенің қайда сонда? Сен білесің ғой Алматыға біз сияқты келушілердің саны өте көп екенін. Қазір сөмкемізді сүйреп мейманханалардан бөлме іздеп жүремізбе сонда? Жоқ, мен бұған келіспеймін. (Ашуланып).
САЛТАНАТ:Дариға тыңдашы, мен саған бәрін ұшақта отырғанда түсіндіріп айтқым келген.(Дариғаға тыңдауын өтінеді).
Дариға: Салтанат! Сен мені алдап алып келдің бе? Не үшін сонда? (Ашуланып).
Дариға ашуланып таксиден түсіп кетеді. Салтанат артынан жүгіре отырып сөйледі.
САЛТАНАТ:Өтінем маған ашуланбашы…Тыңдашы мені. (Артынан жүгіріп).
Дариға: Қалай ашуланбаймын, айтшы ....Жоқ, сене алар емеспін. Сенің есің дұрыс па өзі? (Ашуланып).
САЛТАНАТ:Күте тұршы өтінем ..(Артынан жүгіріп).
Дариға: Сенің не жасырғаның бар өзі ? Сенің мына қылығыңа қарап (қылығыңды көріп) сау адамның ісін көріп тұрған жоқпын. Сен мені неге алдадың?…
САЛТАНАТ:Саған шындықты алдын ала айтатын болсам, сен менімен Алматыға бірге бармайды деп ойладым. Құрбымның қасымда болғанын қаладым.
Дариға: Салтанат сен не істеп жүрсің? Есі дұрыс адамның ісін істеп жүрген жоқсың сен.
САЛТАНАТ:Білесің бе, мен барлық ұшу кезеңін терезеден бұлттарға қарап ойланумен болдым, бірақ өзімнің жігітімді емес, осыдан бірнеше жылдар бұрын кезіктірген жұмбақ жігітті ойлап отырдым. Ештеңе есімде жоқ, бірақ тек санамда анық емес бейнесі қалған. Бар болғаны мен онымен қас қағым сәтте жолықтым, алайда сол кездегі тылсым күш екеумізді бекер жолықтырмаған сияқты болады да тұрады. Сол үшін келдім. Тағдыр мені соған қарай бастаса (Тағдыр мені онымен жолықтырса ) екен деп тілеймін, бәлкім оны көргенде ғана жаным жай табар, ол мен ойлағандай емес, теріс қылықтарға үйір біреу болып шықса екен. Мүмкін, сонда оны іздеуді доғарармын. Мен тағдырды сынап көргім келеді.
Дариға: Есіме түсті, әлгі осыдан бірнеше жыл бұрын алқа сататын дүкенде кездейсоқ кездестірген қиялыңдаңғы жігіт емес пе?. Жатақханада бірге тұрғанда сол жігіт жайлы көп айтатын едің ғой ( ойлайтын едіңғой).
Салтанат Дариғамен таксиге отырып ғылыми зерттеу орталығына апаруын өтінеді.
***
Аян мен Алмас баспана орталығына келеді.
АЯН:Тоқтай тұрыңызшы. Түсінесіз бе? Мына кісінің мекен жайын іздеп тауып беріңізші?(Үй меңгерушісінің артынан жүр).
Қолындағы қағазды ұсынып.
Үй меңгерушісі: Жоқ, болмайды ..мен сіздерге ондай мәлімет бере алмаймын.(Тәкәпар киіп танытып ).
АЯН: Неге? Не үшін?
Үй меңгерушісі: Меніңше сендер адамның жеке өміріне қол сұғып жатсыңдар.(Даусын көтеріп).
АЯН:Жеке өмір дегенді ойламаңыз, заңның не үшін керек екенін білесіз бе?
Үй меңгерушісі: Жоқ білмеймін, сіздермен сөз таластырып тұратын уақытым жоқ.
Осы кезде досы Алмас үй меңгерушісіне.
Алмас : Көмектесіп жіберіңіз, ендеше, Еңбегіңізді жемейміз. Құрғақ қасық тамақ жыртады дегендей.(Алдап сулап).(Осы кезде Аян Алмасты түртіп қой дегендей белгі береді).
Алмас үй меңгерушісінің қалтасына жақындап келіп бірдеңе салып жібереді.
АЯН: Көмектесіңізші, өтініш. Бізге қажет болып тұр.(Жалынып).
Үй меңгерушісі: 2020 жылы тұрған тұрғынды іздеп жүрсіздерме сонда? (Күліп түрі өзгеріп сала берді).
Алмас :Иә, дәл солай.
Үй меңгерушісі ноутбугын ашып қарай бастайды.
Үй меңгерушісі: Мынау сол болу керек. Рохан Шарма мына кісі басқа ұлт азаматы ғой.
АЯН: Біз Салтанат есімді қызды іздеп жүрміз, бұның оған не қатысы бар? Ертеңге қалдырайық. Мен жұмыстарым ғылыми зерттеу орталығына жүрсем, жақын жерде еді.
Үй меңгерушісі: Тоқта! Мүмкін, бұл адам сол қыздың жігіті болар.
АЯН: (Үй меңгерушісіне) Сіз пайдалы іс жасадыңыз, рахмет сізге.
Қолын алып, ілтипат білдіріп, екеуі шығып кетеді.
Алмас : Тоқта! Сен ештеңе ұмытпадың ба? Тойға дайындық ше, жігіттермен отырыс ше?
АЯН:Қоя тұршы, басымды қатырмай. Уақыт жетеді әлі.(Ашуланып).
Алмас : Жүр, кеттік онда..(Ентігіп).
Аян досы Алмаспен баспана орталығынан шығып келе жатқан кезде, алдарынан (қарсы беттен) кішкентай қыз бала жетектеген әйел адам келе жатады. (Кішкентай қыздың жасы шамамен 4-5 жаста.) Кішкентай қыздың қолында қағаздан жасалған ойын ұшағы болды . (Қыз бала ойын ұшағын ұшырып ойнап келе жатты ) Қыз бала қолындағы ұшақты ұшырған кезде ,ұшып келген ойын ұшағы Аянның алдына келіп түседі. Аян жерден ұшақты көтеріп кішкентай қызға ұстатты.
АЯН:Кішкентай ару тоқта қайда барасың? Ұшағыңды ала ғой.(жылы сөйлеп).
Қыздың анасы рахметін айтып, баланы жетектеген күйі кетіп қалады.
АЯН:Мына ханымды бір жерден көрген сияқтымын. Бет-әлпеті таныс сияқты. Қайдан көрдім екен? (Досы Алмасқа қарап ойланып).
Екеуі тапқан мекен жай бойынша Мырзаның үйіне бара жатады.
***
Салтанат құрбысымен жарнама бұрышынан көрген мекен жай бойынша, ғылыми зерттеу орталығына келеді. Ғылыми зерттеу орталығында соңғы зерттеу нәтижелері мен ғылыми жаңалықтарды талқылау жөнінде лекциядан шығып жатқан адамдардың арасынан Аянды іздей бастайды.
САЛТАНАТ:Аянды осы жерден жолықтырып қаламын ба, деп ойлап едім. (күрсінді).
Дариға: Ештеңе етпейді, көңіл күйіңді түсірмеші. Мүмкін лекция оқығандардың ішінде Аян болмағанда шығар. Кеттік жақын жерге барып отырайықшы.
САЛТАНАТ:«Жүрек үні» деген кафеге (дәмхана) барып отырсақ қалай қарайсың?
Дариға:Кеттік онда сол жаққа.
Салтанат (Салтанаттың көңіл күйі жоқ) құрбысы Дариғамен ғылыми зерттеу орталығынан шығып келе жатады. Алдарынан кішкентай қыз бала жетектеген әйел адам келе жатады.(Кішкентай қыздың жасы шамамен 4-5 жаста.) Кішкентай қыз баланың қолында қағаздан жасалған ойын ұшағы болды. Кішкентай қыз ұшақты ұшырып жүріп, жүгіремін деп, Салтанаттың алдына құлап(сүрініп кетеді) түседі, осы кезде кішкентай қыздың қолындағы ойын ұшағы Салтанаттың алдына келіп түседі. Салтанат жердегі ойын ұшағын жерден көтеріп, кішкентай қыздың жерден тұруына көмектеседі.
Салтанат: Кішкентай құлыншақ тұра ғой еш жерің ауырып қалмады ма? Ұшағыңды ала ғой. (Ұшақты қызға ұсынып).
Қыз бала:Сәлеметсіз бе! Апай ... Бұл ұшақты сіз ала беріңіз.
Салтанат:Ұшағыңды шынымен маған бере саласың ба? Рахмет кішкентай құлыншақ.(Жымиды).
Осы кезде қыз баланың анасы келіп, кішкентай қызын жетектеп алып кетеді. Салтанатқа әйел адамның жүзі таныс көрінді.
Әйел:Рахмет сіздерге.......
Екі құрбы әзілдесіп дәмханаға бара жатады.
11 САХНА
Мырзаның үйі. Бөлме тыныштыққа толы, қабырғаларда абстрактілі суреттер ілінген, жеңіл әуен ойнап тұр. Мырза арғы бөлмеде рухани қабылдау өткізіп жатты. Аян мен Алмас үйге кіреді.Мырза - эзотерикамен шұғылданатын адам, ішкі әлемдер мен рухани байланыстарға сенеді.
Алмас: Бармағаның жақсы болды. Бүгін бітер істі ертеңге қалдырма деген бар ғой. Мынандай аз ғана мағлұматпен ертеңде таба алмас едік. Мені өмір бойы кінәлайтын едің. Енді, осылай күтіп отыра береміз бе? Бітуге азғана уақыт қалды дегені қайда?(шыдамсызданып).
АЯН:Алмас сабыр сақтасаңшы. (сабырмен).
Алмас: Бірнеше сұрақтарға бола кешке дейін отырмайтын шығармыз күтіп. Бұлай болмайды.
Алмас мырза отырған бөлмеге қарай жақындап.
Алмас: Мырза! Тоқтай тұрыңызшы. (Күтуден шашым ағаратын болды.) Біз сізді көп ұстамаймыз. Бірнеше сұрағымыз бар еді.(Даусын қаттырақ шығарып ).
Мырза досы Алмасқа қарап сөйледі.
Мырза:Күту - шыдамдылықтың рухани тәжірибесі. Сендер бұл өнерді шебер меңгерген сияқтысыңдар. (арғы бөлмеден әзілдеп) Есімім Рақым!(Үстіндегі киімінің етегін дұрыстап бөлмеден шығып келе жатады. ).
Мырза бөлмеден шығып, Аян мен Алмастың жанына келеді.
АЯН: Мә, сіздің есіміңіз Рохан емеспе? Бізге қате ақпарат берілген бе сонда?...
Мырза : Жоқ, ол есім менің трансформациядан кейін санасыздықтан саналылыққа өтіп, үшінші көзім ашылғаннан кейін Рохан мырза болдым.
АЯН:Санасыздықтан дейсіз бе? Сонымен Рохан әлде Рақым мырза. Біз сонда…санасыздармыз ба?.... Онда біз санасыздарға Салтанат есімді қызды тауып бере аласызба?...(Сасқалақтап не айтарын білмей ).
Мырза : Сендер тек, жәй мырза десеңіздер болады!Сенің аураңның энергетикалық вибрациясын сезіп отырмын. Медитация жаса, ойыңды тыныштандырады, ішкі әлеміңмен байланыста боласың.( сабырмен сөйлеп).
АЯН:Сонымен Мырза, Салтанат есімді қызды іздеп жүр едік. Кезінде осы адресте бірге тұрыпсыздар. Оның қайда кеткенін білмейсіз бе?(сәл абыржулы).
Мырза : Салтанат...Салтанат... Бұл есім маған таныс сияқты. Бірақ бұл үйде кімдер тұрмады дейсіңдер? (ойланып, сабырлы үнмен).
Алмас: Мүмкін, тегі есіңізде шығар? Бізде оның осында тұрғаны туралы дерек бар.
Мырза : Жоқ, есімде жоқ.(Жұмсақ жымиып).
АЯН: Қалай сонда, бұрыңғы қызыңыздың тегін білмейсіз бе сонда ? (Аздап ашулы).
Мырза: Айпақшы, есіме түсті... Бірақ сендер түсінбей отырсыңдар. Ол менің қызым болған емес. Біз тек көрші тұрдық. Ол да мен сияқты эзотерикаға қызығатын. Оның ішкі энергиясы ерекше болатын, үнемі ізденісте жүретін. Ол бұл жерде пәтер жалдап тұрды. Бірақ оның қайда кеткенін нақты айта алмаймын.(Ойланып).
АЯН: Сонда, тек көрші тұрдыңыздар ма? Мен оны табуым керек. Мен үшін маңызды адам еді. Сіз білетін ол туралы қандай болсын ақпарат бар ма? Қайда кетуі мүмкін?
Мырза: Олар ұзақ тұрған жоқ. Ол қыз бұл жерде құрбысымен бірге пәтер (Жатахана) жалдап, бірнеше ай ғана тұрды. Олар кейін көшіп кетті. Қазір суретін көрсетейін.
Мырза абстрактілі, түсініксіз фигуралар мен формалар бейнеленген суретті көрсетеді.
Алмас: Сіз пәтерді жалға беретін орталықтың атауы немесе мекен жайы есіңізде ме?
Мырза: Нақты есімде жоқ, бірақ есімде «Жүрек үні» деп аталатын дәмхананың жанында бір ғимарат бар еді. Мүмкін, сол көмектесер.(Сабырлы үнмен).
Аян досы Алмаспен есіктен шығып кетеді. Мырза есікті баяу жабады да, абстрактілі суреттеріне көз салады.
12 САХНА
“Жүрек үні” кафесі Салтанат құрбысымен келіп отырды.
Дариға: Сенің торт алып берем дегенің қайда?
Осы кезде даяшы құрбысының алдына торт әкеліп қояады.
Даяшы: Торт біздің атымыздан. Туған күніңізбен! Бүгін мерейтой иесі болғандықтан сіз ұтыс ойынына қатыса аласыз. Мына әйнек қораптың ішінен бағыңызды сынап көре аласыз. Таңдаңыз.
Даяшы әйнек қорапты Дариғаға ұсынады. Дариға қораптың ішінен 5 нөмірі жазылған шардың біреуін алад
Даяшы:Құтты болсын, сіз бесінші нөмір бойынша әмиян ұтып алдыңыз!
Дариға:Ваау, MUQAJAN брендінің әмияны ғой мынау.(Таңғалып)Мен тура осындай әмиян іздеп жүр едім. Рахмееет....(Қуанып).
Салтанат:Менде де тура осындай әмиян!
Дариға : Рахмет…(Қуанып).
САЛТАНАТ: Мен бар ғой жаман құрбымын.(Бетін басып).
Дариға:Жоқ, сен айқайлап ән айта бастасаң ғана, жаман көрінесің.
САЛТАНАТ:Менімен бірге келгеніңе рахмет құрбым.
Дариғаны қолынан қысып.
Дариға: Оқасы жоқ. Салтанат бұл тамаша армандардың бірі деп ойлаймын, себебі өмірде болып жатқан барлық оқиға, бізді жұбымызбен табыстыратын жалпы жоспарлардың бір бөлігі. Негізі осы сапардың арқасында санасы бар адамдар өз қателігінен сабақ алады деп ойлаймын. Өмір болған соң адамдар қателеседі.
САЛТАНАТ: Бұның бәрін басымнан шығарып тастағаным дұрыс сияқты.
Дариға:Салтанат сенің жігітің бар ғой оғаш кәрістерден алған Q-pop стилінде әуенмен айналысса да, бастысы сені қатты сүйеді. Кеттік бұл жерден мейманханамызға.
САЛТАНАТ: Кеттік…
Салтанат пен құрбысы Дариға тұрып кетеді. Құрбысы даяшыдан қайтарылған 2000 теңгені әмиянына салып алады. Салтанат пен құрбысы Дариға таксиге отырып кетіп қалады. Осы кезде Аян досы Алмаспен Салтанатпен құрбысы Дариға отырған кафе “Жүрек үні” (дәмхана) келеді. Аяндар келгенде Салтанаттар кетіп бара жатады, бір бірлерін көрмей қалады.
Аян: Мына жерге жас жұбайларға арналған дүкен ашып қойыпты ғой..
Алмас: Күте тұршы.
Аян: Қайда барасың? Болды қойшы, осымен бәрі бітсін. Бір сағаттан кейін тойға дайындық, қызым күтіп отыр.(Ашуланып).
Алмас:Тыңда! Мен саған бірдеңе дедім бе? Салтанат осы жерде болғанда егер..басқаша сайрайтын едің.(Ашуланып).
Аян: Мына болып жатқан жағдайлардың бәрі маған үйлен деп жатыр түсінесің бе…
Алмас:Екі сөлемеші, осы болмайтын әнгімені айтқанды ұнатпаймын. Егер сен қазір беріле салсаң, Салтанат туралы ешқашан білмейтін боласың.
Аян: Мүмкін мен білмеуім керек шығар. Мүмкін бұл лабиринт шығар мені бастаған жағыма қайта апаратын.
Алмас:Ой, құдайым... мынау емделмейтін шығар..(Қолын бір сілтеді).
Аян кетіп бара жатады…Досы Алмас артынан келе жатады.
***
Той алдындағы құдалық келісу. Салтанат құрбысымен мейманханадағы лифттың алдында Аянның қызы Анар құрбысы Дариғаның бір топта оқыған топтасы болғандықтан танып қалады
Дариға:Анар! Бұл сенбісің?
Анар:Мәссаған.. (Қуанып).
Дариға:Сені де көретін күн бар екен-ау. (Қуанып).
Дариға мен Анар бір-бірін құшақтады. Құрбысы Дариға Аянның қызын Анарды Салтанатқа таныстырады.
Дариға: Құрбым Салтанат… Салтанат сенесің бе, Анар екеуміз колледжде бірге оқыдық.
Аянның қызы Анар Салтанатқа қарады.
Анар: Салем, қуаныштымын.(Жымиып).Қанша жыл өтіпті....Дариға екеуміз бірге оқыдық.
Дариға:Кездесу деп осыны айт, бұнда не істеп жүрсің?
Анар:Ертең тойымыз болады, некемізді заңды түрде рәсімдейміз. Құрбыңды ертіп келсең болады.
Дариға: Құтты болсын! Осы мейманханада болама?
Анар:Біз қазір той алдындағы келісуге бара жатыр едік, бізбен бірге жүрсеңдерші.(Құрбысына қарап).
САЛТАНАТ:Мен шаршап тұрмын, ертеңге демалып алсам деймін.
Құрбысы Дариға Анармен (Аянның қызы) бірге кетеді. Аянның қызы Анар құрбысын той алдындағы келісуге шақырады. Салтанат бөлмесіне кетіп қалады.
***
Салтанат мейманханадағы бөлмесіне келеді. Бөлмесінің алдында жігіті отырды.
САЛТАНАТ:Мұнда не істеп жүрсің? Мені қалай тауып алдың?
Айбол: Жүрек үні сезді..
САЛТАНАТ:Распа? (Жымиып).
Айбол: Алматының барлық қонақ үйлерінің анықтамасынан іздестіріп таптым. Салтанат мен сені алып кетуге келдім. Сіңіліңнің құдалығына қатысып, ар жағынан Корей еліне кетеміз.
Айбол Салтанатты Астанаға алып кетуге әуежайға ертіп келеді.
13 САХНА
Той алдындағы келісім болып жатты .Үстел басында Аян мен Анардың аналары ақылдасып, әңгіме дүкен құрып отырды. Аян мен досы Алмас бергі бөлмеде тойға шақырылған адам саны жазылған қағазды қарап отырады. Той алдындағы құдалық келісу.
Анардың анасы Сауле: Айтпақшы құдағи, бізде оңтүстікте қыздың артынан апаратын жасауды тойдың алдында апарады. Апарылған әр бір жасаудың артынан көрімдік беріледі және қыздың жасауымен бірге киім кешегін толық апарамыз. Соған байланысты сіздердің ана сүтіне әкелген ақшаларыңыз біз үшін азырақ болып тұр. Құдағи енді, ұятта болса айтуға тура келді. Өзіңде білесің қазір барлығы қымбат дегендей.
Аянның анасы Алтын:Ой бу, о не дегеніңіз құдағи. Бір-бірімзді бүгін танып біліп отырған жоқпызғой. Бала кезден құлан тайдай ойнап өскен құрбылар емеспіз бе? Осы балаларды өзіміз таныстырып қосып отырған жоқпыз ба? Бастысы екеуінің бақытты отбасы болуында емес пе. Баламның бақытынан аямаймын береміз…Алыс беріс үшін ренжіспей-ақ қояйықшы.
Осы кезде ар жақ бөлмеде отырған Алмас күліп жіберді.
Алмас:Аян сен қыздың өзін емес..толық дүниесімен сатып алайын деп жатқан сияқтысың ғой. (Күлді).
АЯН: Алмас тыныш! Анасы естіп қойса ұят емес пе? (Алмасты иығынан түртіп).
Алмас : Асықтырмай-ақ қоямын бірақ, жігіттер отырысына баруымыз керек.
Анар: Сен Аянды алып кетпей тұрғанда сөйлесіп алайын.(Алмасқа қарайды).
Алмас: Таксиде күтемін…(Шығып кетеді).
Осы кезде қастарына Дариға келеді.
Дариға: Сәлем!
Анар:Танысып қой, бұл менің бір топта оқыған топтас құрбым.
Аян: Өте қуаныштымын..(жылы жүзбен).
Анар Дариғаға қарады.
Анар: Сені тойымызға некемізді рәсімдеуге шақырамыз. Ертең таң ертең міндетті түрде кел. Құрбыңды да ертіп келсең болады. (Жымиды).
Дариға: Әрине, келемін.(жымиып).
Аян Анармен жеке қалып сөйлесті.
АЯН:Анар саған не болып қалды, айтсаңшы?
АНАР: Мәселе мына сенде болып тұр.(Ренжіп).
Аян: Қалай менде? Мен не істедім? (Таңғалып).
АНАР: Нақты ештеңе емес, бірақ менің ішім сезеді. ...Көкте қалықтап жүргендейсің. Ойың басқа жақта. Мен сені маған үйлен деп мәжбүрлеген жоқпын.
Аян: Мүлдем олай емес.
АНАР:Өтірік айтпашы Аян. Мен бұл күнді өмір бойы армандап едім. Той көйлегінің суретін, гүлдерді салатынмын. Бәрі мен ойлағандай болып жатыр, ал сен болсаң ылғи ойға шомыласыңда жүресің.
Аян : Тыңдашы бәлкім мен соңғы кездері қобалжып жүрген шығармын. Бірақ бұл қалыпты жағдай. Еркектер той алдында сөйтеді.(Түсіндіріп).
АНАР: Мені ақымақ санамай-ақ қойшы. Мен болашақ күйеуімнің аяқта нық тұрғанын қалаймын. Жақында тойымыз.
Аян: Кешірші мені.....
АНАР:Қандай жағдай болсада ойыңнан алып тастауға тырысшы өтінем сеннен.
Аян қызын құшақтады.
Аян : Ақылға кел, жерге түс Аян. Болды, шындықты қабылда, бұл жерде шектен шығу болмайды енді.(Күбірлеп).
АНАР:Қазір күте тұршы!
Анар Аянға кітабын ұсынды.
Аян:Бұл не?
АНАР: Осы кітапты сатып алмақшы болып іздеп жүр едің ғой. Кітапханалардың бірінен көріп қалдым. Сатып алдым.
Аян: Менде саған сыйлығым бар еді, ұмытып кетіппін.
Аян кітапты қолына алып, бірінші бетін ашып қарады, кітаптың ішінде Салтанаттың тегі (Фамилясы) мен номері жазылып тұрды.
АНАР:Кітаптың бірінші басылымы екен. Сен осы бірінші басылымды іздеп жүр едің ғой.
Аян кітапқа қарап ойланып қалды.
АНАР:Не болды саған ұнамады ма?
Аян:Керемет сыйлық.
***
Аян таксиге келіп жайғасты.
Алмас:Аян болсаңшы енді, жігіттер отырысына кешіктік қой... Не болды?
АЯН:Ол қыздың аты жөні Исаева Салтанат екен.
Аянның досы Алмас: Не? Бұл не? Кәне көрсетші.
АЯН:Сенесің бе бұл кітапты Анар сыйлады.
Аянның мен Алмас анықтама бөліміне телефон шалып тапсырма берді.
Алмас:Сәлеметсіз бе! Бұл Алмас қой баспаханадан. Салтанат Исаеваның мекен жайын біліп бересіз бе?
Аян досы Алмаспен Астана қаласына билет алып, Салтанаттың мекен жайы бойынша іздеуге кетеді.
14 САХНА
Айбол Салтанатты Астанаға алып кетуге әуежайға ертіп келеді. Салтанаттың жігіті Айбол телефонмен сөйлесіп келе жатады.
Айбол:Ало, естімей тұрмын, не дейсің? Қалай концертті тоқтатуға тура келіп тұр? Не үшін? Онда неге маған алдын-ала ескертпей әуежайға келгенде айттыңдар?
Салтанат әңгімеден әрі кетіп, бұрын Аян екеуінің отырған жерін көріп қалып, сол жерге келіп отырды. Сөйлесіп болып Айбол қасына келеді.
Айбол: Мен үшін бүгін бір түрлі күн болды, түсініксіз жағдайлар көп болды, саған телефон шалсам, байланыс аясынан тыс жерде дей ме, өзімен-өзі өшіп қала береді. Сосын Алматының барлық қонақ үйлерінің анықтамасынан іздеп, барлығына шалып шығуыма тура келді. Оның үстіне қараптан-қарап санаулы күндер қалған, билеттері сатылып қойылған концертті өкінішке орай, тоқтатуға тура келіп тұр деп хабар беріп жатыр, мына концерт ұйымдастырушылары.
САЛТАНАТ:Бұл әрине, көңіл қалдыратын жағдай, бірақ мүмкін олар концертті басқа күнге ауыстыруға мүмкіндік беретін шығар.
Салтанаттың жігіті Айбол сөзді бөліп.
Жігіті Айбол:Қызық екен, Алматыда жұлдыздар көрінбеуші еді. Бүгін ерекше жарқырап тұр. Мына жұлдыздарды қарашы. Бәрінің өзінің аты бар, солай ма? Мен білсем ғой.
Салтанат аспанға ұзақ қарап тұрып, қолындағы қалына қарап аспанға қайта қарады.
САЛТАНАТ: Қазір. Бұл аспанда тұрған Үркер жұлдызы. Иә, мен оны білемін….Айбол, мен қазір келемін…(Орнынан тұрып )
Айбол: Салтанат қайда барасың? Тоқта! Ұшақ бізді күтпейді ғой!
15 САХНА
Аян Алмаспен Астанаға барар жолда.
Аян: Салтанатты таңға дейін іздеп таппасақ, тойға үлгермей қаламыз. Сені осы сұрақ алаңдатама өзі жоқ па?
Алмас:Сен барып тұрған кері тартпа екенсің.
Аян: Не үшін?
Алмас:Сен менің батырымсың, біле білсең сен көріпкелсің. Сен бір нәрсені қалайсыңда соған қарай ұмтыласың. (Қобалжып) Камила кетіп қалды.(Көңілі түсіп).
Аян: Не үшін кетіп қалды? Екеуің бір-біріңді сондай жақсы көретін едіңдер ғой. Есіңде ме студенттер жатақханасында телефонмен таңға дейін күбір-күбір сөйлесетін едіңдер. Бітті осы қыз менікі дейтін едің. Бәріміз сендер екеуіңе қарап бір-бірін тапқан болашақ жас жұбайлар дейтін едік. Барлығы бір-бірі үшін жаралған жандар дейтін еді. Сондай ыстық сезімдеріңе не болды?.
Алмас:тБәрі бітті, біз соңғы кездері көп ренжістік.(көңіл күйі түсіп).
Аян: Маған неге айтпадың?(Таңғалып).
Алмас: Тойыңның шырқын бұзғым келмеді.(Қолымен бетін сипап, абыржып).
Аян: Сонда, араларыңда не болды? (Мүсіркеп).
Алмас:Бар болғаны, сезім сөніп қалды. Бар мәселе осында сезім жоқ.(Қобалжып).
Аян: Сезімнің солуына не түрткі болды?
Алмас:Абай Құнанбаеав атамыздың не айтқанын білесіңбе? "Қайрат пен ақыл жол табар, Қашқанға да, қуғанға."Ақыл мен қайраттың күші барлық қиындықты жеңуге көмектеседі деген. Сен сол кезеңнен өтіп кеттің.
Аян: Мен тырысып бақтым.(Жымиды).
Алмас:Енді менде кері тартпаға айналдым. Түсіндің бе?
16 САХНА
Аян досы Алмаспен бірге Салтанаттың мекен жайы бойынша үйіне келеді. Үйдің терезесінің ішінен той көйлегін кейген қызбен жігітті көреді. Аянның досы Алмас үйдің ішіндегі көріністі бірінші көріп, Аянның көргенін қаламайды. Аянның алдынан бөгейді.
Алмас:Тоқташы! Маған бір ой келді, мүмкін хабарласып көресің. Ескертіп қойғаның дұрыс болар. Өз-өзін ретке келтірсін.(Ентігіп).
АЯН:Үй шашылып жатса оның несі айып, онда тұрған не бар?
Алмас:Тоқтай тұршы. Мен рұқсат бермеймін. Тоқта дедім ғой. (Аянды итеріп).
Аянның досы Алмас болмаған соң, Аянды жібергісі келмей аяғынан тартқылады.
АЯН:Мені осында ерітіп келген өзің.(ентігіп, одан сайын алдыға ұмтылып).
Алмас: Тоқта! Қарама деймін, әйтпесе өзің азап шегесің, өзің қиналасың.(Айқайлап).
Аян:Не деп кеттің?(Қозғалмай тұрып қалды).
Аян досы Алмаспен бірге терезедегі көріністі көреді. Салтанат деп ойлап қалуы мүмкін.
Аян : Жақсы қыдырдық негізі.(Сыбырлап).
Алмас:Қателеспесем, бәрінің себебі бар деп өзің айтпаппа едің? (Досы жұбатқан кейіп танытты).
Аян: Иә, айтқан шығармын. (Күрсінді).
Алмас:Осы жерде жатқан себебің, сен бір жақсылыққа сендің. Жүр кеттік.(Жымиды).
Аян мен Алмас енебектеген күйі шығып кетеді.
17 САХНА
Салтанат жігітімен қарым қатынасты аяқтау жөнінде шешім қабылдайды. Жігіті Айбол Салтанатпен сөйлескеннен кейін, ұшақпен ұшып кетеді.
Салтанат: Құрбыңның тойына баратын болдың ба?
Дариға:Иә, барамын, мені білесің ғой тойдан қалмайтынымды.. Айтпақшы Айболмен араларың не болды, сөлейстіңбе?
Салтанат:Ия, біз Айболмен таң ертең ара қатынасымызды тоқтату жайлы сөйлестік. Айбол Корей еліне ұшып кетті.
Дариға: Онда бәрі жақсы болады. Сіңілің бара алмағаныңды қалай қабылдады?
САЛТАНАТ:Менде Астанаға сіңлімнің құдалығына бара жатырмын. Байқадың ғой, соңғы кездері берекетім қашып, санамды біртүрлі ойлар мазалап жүр. Сіңілім бастысы түсініп, келесі күндері болатын сыйлық беру рәсімдеріне кешігіп болса да кел деді. Соған үлгіруім керек деп ойлаймын.
Салтанат сіңілінің құдалығына бармақшы болып Астанаға бармақшы болады. Салтанат күту залынан шыға берісте (дымқыл майлық, мойын жастық) сатып алмақшы болады. (посадкадан өтіп трапқа жақындай бере) Құрбысымен телефонмен сөйлесіп келе жатады.
Салтанат:Құрбым мен саған үйге жеткен соң хабарласамын.
Дариға: Жақсы, жолың болсын!
Салтанат сатушыға қарап:Қүлақ қап қанша тұрады?(Асығып сөйледі).
Сатушы:Екі мың теңге тұрады.
Салтанат осы кезде сөмкесінен әмиянын шығарып, күтпеген жағдайға тап болады. Әмиянға мұқият қарап, оның өзінің емес екенін байқайды.
САЛТАНАТ:Мынау не тағы? Қызық MUQAJAN, бірақ... Бұл әмиян менікі емес қой...(Таңғалып).
Сатушы:Бірдеңе болдыма?(Сатушы Салтанаттың абыржығанын байқап).
САЛТАНАТ:Солай сияқты, қателесіп құрбымның әмиянын алып кетіппін.(Күрсініп).
Сатушы:Ішінде ақша барма екен өзі? (Күдіктене сұрады).
Салтанат Аянның адресі жазылған екі мың теңгені әмияннан алып сатушыға береді. Осы кезде әйел адам Салтанатпен жағаласып, өзіне керек затын сатып алып жатады. Сатушының сатып алушы әйел адамға қайтарып жатқан ақшаның ішінен (Аянның мекен жайы жазылған) ақшаны көріп қалады. Салтанат көріп қалып кідіріп тұрып, сатып алушының қолынан 2000 тг жұлып алып жүгіріп кетіп қалады.
Сатушы:Есіңіз дұрыс па?! Ақшаны бері әкеліңіз, мен ақшасын қайтаруым керек.(Салтанаттың артынан айқайлап).
***
Салтанат әуежайдан жүгіре шығып, таксиге отырып ақшада жазылған мекен жай бойынша Аянның үйіне келеді. Үйдің алдында тұрған көршілері Аянның үйленіп жатқанын айтады.
САЛТАНАТ: Пәтердің есігін ешкім ашпайды. Аян деген жігіт осы үйде тұрама?
Көрші ер адам:Аян бүгін қалыңдығымен Салтанат сарайына некелерін заңды түрде рәсімдеуге кетті.
Салтанат көрші ер адамның айтқанын ести сала, такси тоқтатып неке сарайына бармақшы болады.
18 САХНА
Салтанат жүгіріп “Салтанат сарайы” на келеді. Еден жуушы әйел адам (50-55 жас) еден жуып жүрді.
САЛТАНАТ: Тоқтаңдар! (Айқайлап кіреді. )
Еден жуушы:Не? Еден жууды тоқтатайын ба? (Жымиып).
САЛТАНАТ: Бітіп қалдыма?
Еден жуушы:Не бітіп қалдыма, тойды айтып тұрсың ба?
САЛТАНАТ: Иә.
Еден жуушы:Иә, бітіп кетті. Әлде той бастар алуға келдіңіз бе?
САЛТАНАТ: Түсінбедім.
Еден жуушы:Түсінбейтін несі бар, Сіз бітті ма деп сұрадыңыз, той басталғанда жоқ.
САЛТАНАТ: Не? Қалай сонда?
Еден жуушы:Не естідіңіз сол...Олар таң ертең (некені бұзғандарын) тойдың болмайтынын айтты.
САЛТАНАТ: Ол тойды болмайды деді ме? Қандай қайғылы. (Жылап тұрып, күліп жіберді).
Еден жуушы:Сонда сіз қыз жағынан боласыз ба, әлде жігіт жақтан ба?
Салтанат еден жуушының сұрағына жауап берместен, тойханадан шығып кетеді.
19 САХНА
Екеуі де ұшайын деп бара жатқанда, Ұшақтың кешіктірілуіне байланысты, киноға кіреді. Экранда «Махаббат бекеті 3» фильмі көрсетіліп жатты.
Дариға:Енді не істемек ойың бар.?
САЛТАНАТ:Білмеймін, оны тағыда іздеп көремін.
Дариға:Оны табатыныңа сене алмаймын. Іздеме оны.
САЛТАНАТ:Сонда маған не істе дейсің?
Дариға: Күт өзі іздеп келеді. Мен сезіп тұрмын, сен дұрыс бағытпен жүріп келесің.
САЛТАНАТ: Саған не болған, өзің күлкіге айналдырып жүрген нәрсеге сенетін болғансың ба? (Күлді).
Дариға:Мына ұшақтар кешігеді де жүреді екен. Сенің өміріндегі оқиғаға ерекше шығарма жазуға болады екен, бірақ мына оқиға шығарма ретінде болатын болса, авторы қызық адам болатын шығар, әр кез ұшақтарды кешіктіріп белгі бергендей. Жақсы болды уақытымызды зая кетірмегенімізге. Айтпақшы құрбым, шабытым келгенде саған арнап шығарған өлеңім бар еді, соны саған берейін, оқып бағасын берерсің.
Қолындағы өлең жазылған қағазды Салтанатқа берді.
Кино көріп болған құрбылар кино залынан шығып бара жатады. Салтанат пен Аян бір-бірін көрмей қалады.
Міңгізу бөліміне өтейін деп жатқанда, Салтанат күртешесенің жоқ екенін байқайды.
Дариға:Үстіңде күртешең болған сияқты еді ғой? Астананың суығын білесің ғой.
САЛТАНАТ:Қап әттеген-ай, кино залында ұмыттым кеттім. Мен қазір.
Дариға:Салтанат қайда кеттің? Ұшақ сені күтіп тұрмайды ғой.
Салтанат кетіп қалады.
20 САХНА
Аян досы Алмаспен әуежайға келеді. Аян Астанаға Салтанаттың мекен жайына іздеп қайта бармақшы. Алмас қызы Камиланың артынан ұшып бармақшы.
Алмас: Сонымен досым сені жұбату үшін не айтсам екен?
Аян: Не айтқың келеді өзіңнің?
Алмас: Сені өмірге шабыттандыратын, күш жігер беретін әңгіме айтуға болама? Әлде орынсыз деп ойлайсың ба?
Аян: Жоқ.
Алмас:Онда, басқа қызды кезіктіресің деген әңгіме айтуға болады.
Аян: Айтшы, мен қателескен жоқпын ғой иә? Мүмкін болса, Салтанаттың мекен жайына қайта барып, онымен жолыққым келеді, не болса да соңғы сөзімді айтсам деймін, билет алдым, бірақ ұшақ кешігіп тұр!
Алмас: Әрине қателескен жоқсың....Айтпақшы досым, шабытым келгенде шығарған өлеңім бар еді, соны саған берейін, оқып бағасын берерсің.
Қолындағы өлең жазылған қағазды, Аянға ұстатты.
Аян: Айтсаң болды досым, оқып бағасын беремін. Сен Камилаға барасың ғой ? Жолыңнан қалма досым. Сәттілік тілеймін саған.
Алмас: Иә, бармасам болмайды. Сенің көмегің тиді білесің бе? Сенің қайтпас қайсарлығың маған сабақ болды.Түрім қалай болып тұр?
Аян: Керемет, жолың болсын досым.
Аян мен Алмас қоштасады.
Аянның Салтанатқа деген сағынышы.
Аянның іштей сағынышы:
Алматының сонау алыс кешінде,
Қас қағымда, жолықтырдым өзіңді.
Жөн сұрасып, бөліп едім сөзіңді.
Амал қанша, бірікпеді жолымыз.
Бір тылсым күш саған қарай тартады.
Тағдыр ма әлде, мүмкін сәтті сәйкестік.
Сұрағыма жауап таппай қиналсам.
Сені іздеуге құлшынысым артады.
Қайдасың? Қайдасың? Сен алтыным.
Сені ойласам қорғасындай балқыдым.
Көк теңіздің ар жағында болсаңда.
Табам сені, табам сені, алтыным.
Тағдыр бізді кезіктірер бір сәтте,
Қол ұстасып, бірге жүрсек, сол сәтте.
Арманымда жүрген бейнең шынайы,
Сағынышым сөнбес, күтем үнсізде.
Желмен есіп жетер, бір күн хабарың,
Жүрегімде сақтап келем бағалың.
Іздеуден шаршасам да бір күні,
Мәңгілікке өшпес сенің жанарың.
Табам сені, сезем, жүрек алдаса,
Сағынышым таусылмайды жалғаса.
Тәтті үмітім күнде сені іздеген,
Жүрегімнің сырын білдің бе сен?
Арман жолы алыстатып тұрса да,
Кездесерміз, сенем, мен бір күні.
Жақын ба, әлде алыс па,
Білмеймін, бірақ сенем тағдырға.
***
Салтанаттың ішкі сағынышы:
Жұмбақ жан неге есімнен кетпейсің?!
Ойымда тұрып қалған серттейсің.
Ерекше жалындаған лептейсің.
Өмірімді қашан келіп реттейсің?
Анық емес, санамда бейнең қалды.
Сезім шіркін, жүректе сайран салды.
Ақылым мен жүрегім арпалысып,
Тағдыр жүр ортасында атсалысып.
Сен -менің алыстағы арманымсың,
Қиялымда жанған бір жалынсың.
Сені іздеп кетсем алыс шалғайға мен.
Үміт үзбей күткенім жаныма дем.
Күндер емес, айлар өтіп жатсадағы.
Сенемін мен, жолығатын кез келерін.
Жұлдыздардан белгі күттім түндер сайын,
Сен деп соққан жүрегімнің әрбір айы.
Таусылмайтын үмітімнің жарығы боп,
Табам сені, арманыма жеткізсе от.
Жүрегімнің тереңінде жанған сәуле,
Сенемін мен, өшпесіне мәңгілік боп.
Кино залы. Экранда «Махаббат бекеті 3» көрсетіліп тұрды.
Аян кино залынан тапқан күртешені ұстаған күйі фильмді көріп отырды. Салтанат залға кіріп, Аянның артында тоқтайды.
Ол мойнындағы алқаны шешіп, Аянға қарай лақтырады.
Сырт ете түскен алқа Аянның жанына құлап түседі.
Аян қолына алып, артына бұрылады.
Екеуі бір-біріне қарама-қарсы тұр.
Аян:Салтанат (Жымиды).
Қолдарын беріп сәлемдеседі.
Салтанат:Аян (Жымиды).
Кішкентай қыз бала жетектеген әйел адам өтіп бара жатады.
Кыз бала: Анашым, қараңызшы! Олар аспанға ұшып бара жатыр.(Бір жылдан соң)
Аян мен Салтанат сыйлықтар (әшекей бұйымдар) сатылатын дүкенде.
АЯН: Біз алқа сатып алайын деп едік…Қайырлы кеш ! Мені таныдыңыз ба? (Сатушыға қарап).
САТУШЫ:Ия….
АЯН:Ол осы қыз..(Салтанатты көрсетіп).
САТУШЫ :Ее, әлгі Салтанат емес пе?
АЯН: Иә, Бұл мырза сені іздеуге көмектескен. (Салтанатқа қарап).
САТУШЫ:Дүкен жабылады ертең келеңіздер. Дүкен уақыты 10:00- 19:00 дейін..(Сөрелердің бетін жаба бастайды).
АЯН:Бізге алқа керек еді. Көп уақытыңызды алмаймыз.
САТУШЫ: Жоқ-жоқ ! Дүкен жабылады дереу босатыңыздар.
Шымылдық жабылады.