Алматыда жүргізуші 12 жастағы қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, – деп Aykin.kz. хабарлайды.
Жол апаты сағат 16:00 шамасында Есеналиев көшесінде болған. Жолды жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтіп бара жатқан 12 жастағы қызды көлік қағып кеткен. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, көлік Hyundai Accent маркалы болған. Қазір полиция жүргізушіні іздестіріп жатыр.
“Іздеу жұмыстарына әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды. Ол міндетті түрде ұсталып, жауапкершілікке тартылады”, – деді полиция өкілдері.
Қыз балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатқызудың қажеті болмаған. Жол апатының мән-жайын Бостандық ауданының полиция қызметкерлері анықтап жатыр.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыда автобус аялдамаға соғылып, жаяу жүргіншіні қағып кеткенін жазғанбыз.