Онлайн-таблодағы деректерден ішкі және халықаралық бағыттар бойынша кейбір рейстер кешігіп жатқанын көруге болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Мысалы, Новосибирск, Астана және Ақтау бағыттары бойынша ұшу кейінге шегерілсе, Новосибирск, Астана, Өскемен, Ташкент, Қарағанды, Семей, Ақтөбе, Орал, Дели, Фукуок, Шарм-эль-Шейх және Дубайдан келетін рейстер де кешігіп жатыр.
Еске салайық, Алматыда 2025 жылғы 4 қараша күні кешке алғашқы қар жауды.
Қалалық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр: көшелердің тазалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 918 арнайы техника мен 2 550 жол жұмысшысы жұмылдырылған.