Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді

Ел чемпионатының нәтижесінде 2025-2026 жылғы маусымға арналған ұлттық құрама жасақталады. 

10-13 қараша аралығында Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 600-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Спортшылар 14 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. 

Ел чемпионатының нәтижесінде 2025-2026 жылғы маусымға арналған ұлттық құрама жасақталады. 

Айта кетейік, додада сондай-ақ аралас командалық сайыстар ұйымдастырылады.