WhatsApp үрей сеуіп тұр
WhatsApp үрей сеуіп тұр
5,127
оқылды
«Ойбай, карантинге жабылған қалаларға танктер әкеле жатыр екен» деген видео тарады кешелі бері. Иә, WhatsApp  арқылы тараған видеода шынымен де танктер бар. Алайда Қорғаныс министрлігі бұл бейненің Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына қатысы жоқ, ескі дүние екенін мәлімдеді. Шамасы бұрынғы жаттығулардың бірінде түсірілген болса керек. Алайда қоғам дүрлігіп қалды. Бұл – мессенджер медианың әлегі. Қазір интернеттің заманы. Ай­шылық алыс жерлерде болып жат­қан кез келген жағдаяттардан жыл­дам хабар алып отырамыз. Ком­пьютерге де телміре бермей­міз. Ұялы телефонымыз бар. Сол арқылы әлеуметтік желіде, мес­сенд­жерде және басқа да қо­сым­ша­ларда ақпарат алмасамыз. Мұ­ның пайдасы көп. Дегенмен зиян­ды тұстары да шаш етектен. Кейінгі кездері елімізде қо­ғам­дық қауіпсіздікке қауіп-қатер туғызатын, азаматтарға, ұйымдар мен мемлекетке зиян келтіретін жал­ған ақпарат тарату жағдайлары арт­ты. Әсіресе, халық онсыз да әбі­герге түсіп жатқан сәтті оң­тай­лы пайдаланып, одан әрмен елді дүр­ліктіретіндер көбейді. Бір қы­зығы, олардың көбі осы әре­кет­тері үшін қылмыстық жауапкер­ші­лік­ке тартылатынын білмейді. Білсе де, салғырт қарайды. Ал анығында қылмыстық ко­дексте жалған ақпарат таратқаны үшін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көз­делген арнайы бап бар. Қыл­мыстық кодекстің 274-бабына сәй­кес жалған ақпарат тарату­шы­ға 5 мың айлық есептік көрсет­кіш­ке дейінгі мөлшерде айыппұл са­лынады немесе 5 жылға дейінгі мер­зімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Бір қызығы, жалған ақпарат таратушылардың дені белгілі бір нау­қан кезінде, болмаса түрлі апат­ты жағдайлардың қарсаңында өр­шіп кететіні бар. Осы мәселе төңі­регінде Қожа Ахмет Ясауи атын­дағы Халықаралық қазақ-тү­рік университетінің профессоры Бек­жігіт Сердәлі Facebook-тегі па­­рақшасында ерекше айтып өтті.
– Кейінгі кездері елдің бәрі Whatsap желісі арқылы бір-біріне хат жазып, ақпарат таратқыш бо­­лып алды. Саған мұндай «ақ­парат» қа­жет пе, қажет емес пе, бәрібір, сау­сағымен «бөлісу» деген тетікті ба­сады да, «ұшы­рып» жібере са­лады. Мына жақта «қоқысқа» кө­міліп, әрқайсысын бір өшіріп отыр­ғаның сосын. Бір жағынан қан­шама уақытыңды алады. Осы жұрт­тың басқа ша­руасы жоқ па деп те ойлайсың кейде. Сен үшін маңыз­ды хабар болса мейлі ғой, түк­ке қажеті жоқ арзан бейнежаз­ба, алдамшы аудио, жалған ақпа­рат, ойын-күлкі, әзіл-қалжың...
Әсіресе, соңғы кезде тәж­та­жал­ға (короновирусқа) қатысты үрей туғызатын жазбалар тіпті кө­бейіп кетті. Қайдан табатынын білмейсің, «ал келе жатыр, ал кеп қал­ды, осынша адам вирус жұқ­тыр­ды!» деп бір-біріне фейк хабар таратушылар саны күннен-күнге көбейіп барады. Негізі, эмоцияға бе­ріл­мей, ресми көздерден алын­ған шынайы ақпаратқа сүйенген абзал, – дейді ол. Мысалы, жақында ғана әлеу­меттік желілерде мектептерде, дү­кендер мен автобустарда жүр­ген оқушыларды анықтау мақ­са­тын­да рейд шаралары жүргізіліп жат­қаны жөнінде ақпарат тарады. Онда «Баланың мектепте болғаны анықталса, сол оқу орны жазаға тар­тылып, дүкен не автобуста жүр­се, ата-анасына айыппұл са­лы­нады» делінген. Бұл ақпарат та жал­ған боп шықты. Ол жөнінде БҚО білім басқармасы мәлім етті.
– Бұл жалған. Өңір тұрғын­да­рын мемлекеттік бұқаралық ақпа­рат құралдарынан және білім бас­қармасының ресми парақ­ша­ларынан басқа жерлерде жария­лан­ған ақпараттарға сенбеуге ша­қы­рамыз, – деді басқарманың бас­пасөз қызметі.
Мұндай жалған ақпараттар қа­зіргі кезде әлеуметтік желі­лер­де, әсіресе WhatsApp-та желдей есіп жүр. Ақпараттың анық-қа­ны­ғына көз жеткізбеген адамдар да бұл хабарды бір-біріне жө­нел­тіп әлек. Сондай фейк ақпараттың бі­рін мысалға келтірейік. Мә­тін­де: «Ертеңнен бастап білім орда­ларын­да рейд жүргізіледі. Егер ба­лаңыз қандай да бір себеппен мек­тепте болса, онда жазаға тар­ты­ласыз. Сондай-ақ бала дүкен­дер­ден, автобустардан, көшеден табылса, ата-анасына айыппұл салынады» деп жазылған ескертпе бар. Мұны оқыған ата-аналар бай­балам салып, орынсыз дүрлі­гуде. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қала­сын зарарсыздандыру үшін тікұшақпен дәрі шашылады де­лінген ақпарат та шындыққа жанаспайтын болып шықты. Бұл ту­ралы ДСМ Тауарлар мен қыз­меттердің сапасын және қауіп­сіз­дігін бақылау комитетінің Telegram парақшасында таратылған ақпаратта айтылды. Қазірдің өзінде де Whatsap же­лісінде әлемді шарлаған вирус жө­нінде, оны жұқтырғандар ту­ралы да әртүрлі алыпқашпа әгі­мелер мен орынсыз ақпараттар көп­теп келіп жатыр. Нақтылан­ба­­ған ақпараттарды жалпақ жұрт­қа таратып, жаза баспасақ болға­ны. Осы ретте айта кетейік, ве­домствоның мәліметінше, Қа­зақ­станда және әлемде коронавирус ин­фекциясының таралуына қа­тыс­ты сенімді ақпараттар Ден­сау­лық сақтау министрлігінің, ДСМ Тауарлар мен қызметтердің са­пасын және қауіпсіздігін ба­қы­лау комитетінің ресми сайт­та­рын­ан, сондай-ақ аталған орган­дар­дың әлеуметтік желілердегі парақ­шаларынан, тәулік бойы жұ­мыс істейтін 1406 Call-ор­та­лы­ғы­нан білуге болатынын естен шы­­­ғармағанымыз абзал.  

Абылайхан ЖҰМАШ