Ақмола облысындағы Макинка станциясына жақын орналасқан "Бота 2015" ЖШС-нің кірме жолында 8 жүк вагоны рельстен шығып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы "ҚТЖ" баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Локомотив жеке компанияға тиесілі. Бригада қызметкерлері де жеке ұйымның жұмысшылары. Оқиға салдарынан байланыс желісі құрылғылары зақымданды. Зардап шеккендер жоқ. Пойыздар қозғалысында кідірістер бар, – деп мәлімдеді "ҚТЖ" өкілдері.
Оқиға орнына қалпына келтіру пойыздары мен апаттық бригада жіберілген.
Кейін "ҚТЖ" Макинка станциясында жағдай тұрақталып, пойыз қозғалысы қайта жанданғанын хабарлады.
– Оқиға жеке ұйым қызметкерлерінің кінәсінен болған. Вагондардың рельстен шығу себептері тергеліп жатыр", – деп хабарлады компания.