"Елбасы ең алдымен елін, халқын ойлайтын азамат"
"Елбасы ең алдымен елін, халқын ойлайтын азамат"
© Сурет интернеттен алынды
176
оқылды
– Елбасының бүгінгі коронавирус жайындағы үндеуі өте орынды. Бүгінде елде төтенше жағдайдың жариялануы – маңызды және қажетті қадам. Ондағы мақсат – біздің азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүддесін қорғау. Азық-түлік пен ең қажетті тауарлардың, медициналық мақсатқа арналған заттардың тапшылығына жол бермеу үшін барлық жағдай жасалуда. Енді, тек бәріміз басымызды қосып, сол мақсаттарды қол жеткізуіміз керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ең алдымен елін, халқын ойлайтын азамат.  Сол халқының ауызбіршілігін сақтап, мынадай дерттен аман қалуын алаңдайтыны да белгілі. Осындай жағдайда Елбасымыз Президент Тоқаевтың Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырып, бір кісідей атсалысып жатқанына ризамын. Мұндай қамқорлықты сезінген біз бақыттымыз. Себебі, біз бұл қиындықта жалғыз емессімізді сезіндік. Бізге сүйеніш болып тұрған - Елбасы, Президент және Үкімет. Сондықтан "Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді" дегендей, бәріміз жұдырықтай жұмылып мына дертті жеңіп, аман шығайық.