Катарда өткен шешуші матчта қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенканы 6:3, 7:6(0) есебімен жеңді. Екінші сетте Рыбакина 4:5, 15:40 кезінде екі сетболды қайтарып, матчты өз пайдасына аяқтады.
Бұл – Еленаның WTA Финалындағы алғашқы титулы. Турнир барысында ол бес ойынның бәрінде жеңіске жетті:
Аманда Анисимова (АҚШ) – 2:0
Ига Швентек (Польша) – 2:1
Екатерина Александрова (Ресей) – 2:0
Джессика Пегула (АҚШ) – 2:1
Арина Соболенко (Беларусь) – 2:0
Жеңісі үшін Рыбакина 5,23 миллион доллар алады. Бұл – әйелдер теннисіндегі рекордтық сыйақы. Сонымен қатар, ол 1500 рейтингтік ұпай жинады.
Дүйсенбі күні Елена Рыбакина әлемнің бесінші ракеткасына айналады.