2027 жылы «Аягөз-Бақты» теміржол желісінің құрылысы пайдалануға берілмек

Жоба 2023 жылы іске асырыла бастады.

Абай облысына 3,5 трлн теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Абай облысының әкімі Берік Уәли сөз етті, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Өңір әкімінің айтуынша, жыл басынан бері іске асырылып жатқан жобалар саны 29-дан 97-ге дейін, ал тартылатын инвестициялар көлемі 2,2 трлн теңгеден 3,5 трлн теңгеге дейін өскен. Олардың ішінде 50 жоба Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізілген.

«Ірі инвестициялық жобалардың бірі – «Аягөз-Бақты» теміржол желісінің құрылысы. Жалпы ұзындығы – 297,5 шақырым.  Оған 577,5 млрд теңге жұмсалмақ. Қазір 10,5 мың гектар жер учаскесі резервке қойылып, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі бекітілді. 2023 жылы іске асырыла бастады. Жобаға 30 млрд теңге инвестиция салынды. Нысанды 2027 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. 

Биыл жалпы сомасы 25,9 млрд теңгеге 14 жобаны іске асыру жоспарланған.