«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі Атлант циклонының ойпатымен және оған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен қар аралас жаңбыр жауады.
«13 қарашада шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтілуде. Еліміз бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанып отыр. Ал шығыс, солтүстік және орталық аймақтарда төменгі бұрқасын күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», – делінген хабарламада.
Елдің қалған аумақтарында температурада елеулі өзгерістер күтілмейді.