Самбодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші орын алды

Отандастарымыз 2 алтын, 2 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды.

6-10 қараша күндері Қырғызстанның Бішкек қаласында самбодан әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға 70 елден 466 спортшы қатысты. Жарыс Халықаралық самбо федерациясының (FIAS) қолдауымен «Газпром – балаларға» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтіп, халықаралық спорт күнтізбесіндегі ең ірі оқиғалардың бірі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Отандастарымыз 2 алтын, 2 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Спорттық самбо:

79 келі – Еркебұлан Негметов – күміс

71 келі – Арнұр Қуатай – қола

64 келі – Жандос Бейсенбаев – қола

50 келі – Маргарита Бажаева – қола

80 келі – Мәдина Ержан – қола

Жауынгерлік самбо:

59 келі – Маржан Бизақ – алтын

71 келі – Ниетхан Төлеухан – алтын

80 келі – Ұлболсын Әділова – күміс

58 келі – Арман Тұрымбетов – қола

+98 келі – Талғат Жиентаев – қола

50 келі – Жадыра Пайыз – қола

+80 келі – Нұрилә Асанқызы – қола

Әрбір медаль – спортшылардың табандылығы, кәсіби шеберлігі және өз ісіне деген адалдығының нәтижесі. Сонымен қатар жаттықтырушылар құрамының жүйелі еңбегінің жемісі.

Министрлік самбоны одан әрі дамытуға, спорт инфрақұрылымын жетілдіруге, жас таланттарды қолдауға және Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы беделін нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.