Ақтөбеде 3,2 миллиард теңге бюджет қаражатын негізсіз жұмсамақ болған

Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде шарт сомасы 300 млн теңгеге төмендетіліп, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алуға мүмкіндік берді.

Ақтөбе облыстық прокуратурасы 3,2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, аталған қаражат автожолдарды салу және жөндеу, аумақтарды абаттандыру және өзге де әлеуметтік маңызы бар қажеттіліктерге жұмсалуы жоспарланған.

– Прокуратура тарапынан Ақтөбе қаласындағы Ә.Молдағұлова даңғылы бойындағы автомобиль жолын орташа жөндеу шартының құнын негізсіз арттырудың алдын алу шаралары қабылданды.

2022 жылы Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен «Нұрлы Жол-7» ЖШС арасында аталған жолды орташа жөндеу жұмыстарына 1 млрд теңге сомасына шарт жасалған.

Алайда  жеткілікті негізсіз жоба-сметалық құн қайта есептеліп, шарт сомасы 1,3 млрд теңгеге дейін ұлғайтылған.

Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде шарт сомасы 300 млн теңгеге төмендетіліп, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алуға мүмкіндік берді,  – делінген хабарламада. 

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда және прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.