Қазақстан садақ атудан Бангладештегі Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Ақтық сында отандастарымыз Үндістан құрамасын қапы қалдырды.

Садақ атудан Қазақстан құрамасының өкілдері Даккада (Бангладеш) өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бунед Мирзаметов, Андрей Тютюн және Мұса Ділмұхамет блоктық садақ атудан командалық жарыста алтын медаль жеңіп алды.

Ақтық сында отандастарымыз Үндістан құрамасын қапы қалдырды. Ойын 230-229 есебімен аяқталды. 

Үшінші орын Оңтүстік Кореяға бұйырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.