«Қолы екі жерден сынған»: Ақтөбеде 10-сынып оқушысы 5-сыныпта оқитын баланы соққыға жыққан

Полиция істі "орташа ауыр жарақат келтіру" бабымен тергеп жатыр.

Ақтөбеде 5-сынып оқушысының қолы екі жерден сынып, ота жасалған. Қазір ол қолындағы сым темірмен үйде білім алуға мәжбүр,  деп хабарлайды Aikyn.kz "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Оқиға 6 қазанда болған. Содан бері біраз уақыт өткенімен, баланың анасы енді ғана жанайқайын дүйім жұртқа жеткізіп отыр.

Ақжан Кәрімнің айтуынша, ұлын 10-сынып оқушысы спорт алаңында ұрып-соққан, мектеп басшылығы бейнебақылау жазбасын көрсеткен, бірақ сапасы нашар.

Телеарна мәліметінше, полиция істі "орташа ауыр жарақат келтіру" бабымен тергеп жатыр.