Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесіне барды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы аясында агроөнеркәсіп кешенінде қолданылатын цифрлық шешімдер көрмесімен танысты. 

Мемлекет басшысына деректерді есепке алуға, болжауға және талдауға арналған цифрлық сервистер, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі тиімділікті арттыруды көздейтін отандық стартаптар туралы баяндалды.