Ташкентте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ташкентте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті. Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Сапар бағдарламасына сәйкес ертең президенттер келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.

Мемлекеттер басшылары «Ташкент-Хумо» әуежайында әңгімелесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдету жөнінде пікір алмасты.