«Қазақ аруы – 2025» сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды

Байқаудың жеңімпазы дауыс беру арқылы анықталды.

Алматыда «Қазақ аруы – 2025» ұлттық сұлулық байқауы өтті, – деп жазды Aikyn.kz.

Байқауда Талдықорған қаласының атынан қатысқан жас дизайнер, кәсіпкер Дәрия Қуатжан жеңімпаз атанды. 

Байқаудың жеңімпазы дауыс беру арқылы анықталды. Дауыс беру нәтижесі жобаның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

2011 жылдан бері «Қазақ аруы» нәзіктіктің, интеллекттің және прогрестің символына айналды. Ол жастарды шабыттандырып, тіл мен дәстүрді қолдап, патриотизмді дамытып, қазақ мәдениетінің сұлулығын бүкіл әлемге танытып келеді.

Жобаның продюсері әрі негізін қалаушы — Баян Алагөзова.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қазақ Аруы» байқауына 15 жыл! 👑 (@qazaq_aruy_official)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.