Мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев, Шавкат Мирзиёев, Ильхам Әлиев, Садыр Жапаров және Эмомали Рахмон Ташкенттегі Ислам өркениеті орталығына барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Ташкенттегі Ислам өркениеті орталығы — «Имам Хазірет» кешенінің аумағындағы мәдени-ағартушылық ғылыми кешен. Ол ислам тарихы мен мәдениетін зерттейтін аймақтағы ең ірі орталық. Кешен құрамында мұражай, академия, кітапхана және конференция залы бар.