Қасым-Жомарт Тоқаев «Келешек мұрасы» халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің және Әзербайжан президенттерімен бірге «Келешек мұрасы» халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің айтуынша, биыл тағайындаған бұл сыйлық дәстүрді жаңғыртуға, өнерді дамытуға, сондай-ақ ұлттық рухани мұраны насихаттауға елеулі үлес қосқан мәдениет қайраткерлеріне беріледі.

Қазақстаннан актер Еркебұлан Дайыров «Театр және кино» аталымы бойынша «Келешек мұрасы» сыйлығының лауреаты атанды.