Астаналық полицейлер жоғалып кеткен 5 жасар баланы іздеп тапты

Бала аман-есен табылып, әкесіне тапсырылды.

Астанада полицияға Сарыарқа ауданында 5 жастағы баланың жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Әкесі баласымен аулада серуендеп жүріп, бір сәтке назарын басқа жаққа бұрған кезде ұлын жоғалтып алған. Өз бетімен іздеп таба алмаған соң, дереу полицияға жүгінген, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оқиға орнына жеткен полицейлер іздестіру жұмыстарын дереу бастады. Ювеналдық полиция, учаскелік инспекторлар, патрульдік жасақтар мен жедел уәкілдер аумақты тексеріп, бақылау камераларын қарап шықты.

Камера жазбаларынан баланың алдымен аулада жүргені, кейін подъездердің біріне кіргені анықталды. Осылайша бала аман-есен табылып, әкесіне тапсырылды.