Фаина Мейрманова Сурдлимпиада рекордын жаңартып, чемпион атанды

Қазақстандық Фаина Мейрманова биіктікке секіруден 1.79 метр нәтиже көрсетіп, Сурдлимпиада ойындарының рекордын жаңартып, чемпионы атанды.

Бүгін Сурдлимпиада ойындарында жеңіл атлетикадан ұлттық құрама спортшылары ұзындыққа, биіктікке секіру және әртүрлі дистанцияға жүгіруден сынға түсіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстандық Фаина Мейрманова биіктікке секіруден 1.79 метр нәтиже көрсетіп, Сурдлимпиада ойындарының рекордын жаңартып,  чемпионы атанды.  Күміс жүлдені 1.76 метр нәтижесімен бейтарап спортшы Суравец Анна иеленсе, қола жүлдені 1.67 метр нәтижесімен словакиялық Глонарик Лейа еншіледі.

Фаина Мейрманова – Жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2024 жылы Тайбэйде (Тайвань) өткен әлем чемпионатында биіктікке секіруден 176 сантиметр нәтижесін көрсетіп, 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлемдік рекордты орнатқан. 2024 жылғы Азия-Тынық мұхиты ойындарының ұзындыққа секіруден чемпионы атанды. Фаинаның жасы 19-да, ол Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Спортпен 7 жылға жуық айналысады.

Еске салсақ, Сурдлимпиада ойындарының алғашқы жарыс күнінде қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына 4 медаль салған болатын: 2 алтын және 2 қола.