Геннадий Головкин мансабындағы соңғы жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келеді

Бұл жайлы ол Азия әуесқой бокс федерациясының (Asia Boxing) президентінің міндетін атқарушы Пичай Чунхаваджирамен өткен кездесуде мәлімдеген.

Қазақстанның атақты қолғап шебері әрі Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы 43 жастағы Геннадий Головкин кәсіби мансабындағы соңғы жекпе-жегін өз елінде өткізуді көздеп отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл жайлы ол Азия әуесқой бокс федерациясының (Asia Boxing) президентінің міндетін атқарушы Пичай Чунхаваджирамен өткен кездесуде мәлімдеген.

"Мен боксты білемін. Бокс – менің өмірім. Мен әрқашан көп еңбек еттім. Иә, мен қазір 43 жастамын және әлі де бокспен айналысамын. Мүмкін тағы бір жекпе-жек өткізгім келеді. Мен оны Қазақстанда өткізгім келеді", – деді Головкин.

Головкин соңғы рет 2022 жылы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіліс тапқан еді. Сол уақыттан бері ол рингке шыққан жоқ.