Актер Дәурен Айдарқұлов әйелімен қалай танысқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Актер жұбайымен әлеуметтік желі арқылы танысып, небәрі екі аптаның ішінде үйленгенін жасырмады.
«Бірнеше ай бұрын Threads-ті өшірдім. Себебі бұл жерден өзіме керек дүниенің бәрін алдым. Шынымды айтайын, бұл қосымшаны мен өзіме жар іздеу үшін пайдаланған едім. Іздеу барысында бұл қосымшаның алгоритмі менің кімді іздеп жатқанымды түсінген болса керек, парақшама қалыңдықтар шыға бастады. Арада екі ай өткен соң расымен көңіліме жаққан бір парақшаны көріп, бірден оған жаздым. Екі аптадан кейін біз үйленеміз деген шешім қабылдадық. Қысқасын айтқанда, әлеуметтік желілердің де пайдасы бар», – деп жазды актер.
Айта кетейік, актер жақында үшінші рет шаңырақ көтерген болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.