Қарағандыға жеткен коронавирус инфекциясы қалаға таралмайды
Қарағандыға жеткен коронавирус инфекциясы қалаға таралмайды
©kn.kz
167
оқылды
Қарағанды облысына короновирустық инфекцияны «Минск-Нұр-Сұлтан» бағытындағы ұшақ жолаушылары әкелген. 18 наурызда осы бағыттағы ұшақ Қарағандыға қондырылды. Бұл шешімді Үкімет қабылдады. Енді осы ұшақпен ұшып келген 2 адамнан короновирус жұқтырғаны анықталды. – Стандарттан тыс жағдай орын алды. Біздің медициналық қоғамдастық үшін вирус жұқтырған науқастарды анықтауға байланысты жұмыс көп болды. Вирус жұқтырғандардың отбасыларын, ұшақ салонында қарым-қатынаста болған адамдарды есепке алғанда қанша азамат түсерін білмедік. Өйткені, науқастар 5 рейспен келген еді. Бұған қоса, тағы үш рейстің келетінін күттік. Бұл, шамамен 160-тан астам адам. Оның үстіне, үш стационардың 2-еуі салыстырмалы түрде алғанда толық болды, – деген болатын Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова. Қарағандыға ұшып келгендер аэропортқа кіргізілмеді. Олар оқшауланып, өзге тұрғындармен қарым-қатынаста болған жоқ деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы. – Минскі рейсімен келгендер бірден ауруханаға жеткізілді. Олармен қарым-қатынаста төтенше жағдай режиімі сақталды. Сол себепті тұрғындарға алаңдауға, Қарағандыда карантин жариялауға негіз жоқ, – деді денсаулық сақату басқармасының басшысы Ерлан Нұрлыбаев.

Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы.