Елордадағы шешуші кезеңде малайзиялық әнші Язмин Азиз, Өзбекстаннан Мадинабону Адылова, Моңғолиядан Мишель Джозеф, грузин финалисі Автандил Абесламидзе, Қазақстаннан ALEM, армян финалисі Саро Геворгян және Қытайдан Чжан Хе Суань өнер көрсетпек.
Орталық Азиядағы алғашқы вокалдық жобаға 12 елден келген кіл мықтылар бақ сынады. Қатысушылар арасында халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен музыка әлемінің танымал өкілдері бар. Еуропалық сарапшылар жобаның дайындық сапасы мен мәдени маңызын жоғары бағалап жатыр.