Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Астана қаласы әкімдігінің Сервис және туризм колледжінің 700 студентінен құрылған хор және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Мәдениет саласының үздігі» Арайлым Рахым ерекше әлеуметтік жобаны жүзеге асырып, колледждің гимніне айналған «Еңбек адамы» әніне бейнебаян түсірілді. Әннің сөзін Қуат Ежембек, ал музыкасын Арман Қуандық жазған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жобаның мақсаты – жастар арасында еңбек адамының идеологиясын ұлықтау, еңбекқорлық пен кәсіптік құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы маңызын насихаттау.