Еліміздегі 1,5 миллион оқушы бір мезгілде мазмұндама жазды

Республикалық акция жасөспірімдердің құқықтық білімін нығайтуға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Дүниежүзілік балалар күніне орай мектеп оқушылары қауіпсіздік пен бала құқықтарының сақталуы жөнінде мазмұндама жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Оған бір мезгілде республика бойынша 1,5 млн бала қатысты.

Бұл бастама «Заң мен Тәртіп» қағидасын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды. Еліміздің барлық мектептерінде 7-11-сынып оқушылары үшін арнайы сынып сағаттары өткізіліп, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған бірыңғай мазмұндама жазу жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықтың маңызы, заңға бағынудың қоғамдағы рөлі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары түсіндірілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.