«Қорғансыздар»: ASTANA TV телеарнасында жаңа түрік телехикаясының тұсаукесері

24 қарашадан бастап күн сайын сағат 22.10-да ASTANA TV телеарнасынан «Қорғансыздар» драмасын тамашалаңыздар!

Телехикая ата-анасынан айырылған алты ағайындының алып шаһардағы күреске толы өмірін суреттейді. Негізгі оқиға Ыстамбұлдың қатыгез көшелерінде өрбиді. Мұнда балалар әр тараптан төнген қауіп-қатермен бетпе-бет келеді: далада қалудың қиындықтары, жергілікті басшылық тарапынан түскен қысым, қылмыстық топтардың қудалауы сияқты жығылғанға жұдырық болған шытырман оқиғалар бірінен соң бірі жалғасып жатады.

Осындай сынақтарды бастан кешкен бауырлардың үлкені – Азизе іні-қарындастарына нағыз тірек әрі қорғаушыға айналады. Ата-ананың орнын басып, бауырларын барлық қиындықтан алып шығуға барын салады.

Ата-анасы Рыфат пен Балу ормандағы үйлерінде қарақшылар қолынан мерт болған еді. Балалар аман қалу үшін жан сауғалап, қылмыскерлерден қашып үлгереді. Осылайша, бір сәтте жетім қалған  Зелиха, Джемо, Фидан, Самет, Балым мен Азизе тағдырдың сынына төтеп бере ме?

Мейірімге мұқтаж жүректер мен жетімдердің жан айқайы. Жүректі тербейтін жаңа телехикая ешкімді бейжай қалдыра қоймас. 

24 қарашадан бастап күн сайын сағат 22.10-да  ASTANA TV  телеарнасынан «Қорғансыздар» драмасын тамашалаңыздар!