АҚШ билігі Венесуэлаға қатысты әрекеттердің жаңа фазасын іске қоспақ. Бұл туралы Reuters агенттігіне аты-жөнін жарияламаған бірнеше америкалық ресми өкіл хабарлады.
Дереккөздерге сүйенсек, алғашқы кезең құпия тәсілдерге негізделмек. Мақсат — Венесуэладағы саяси жағдайға ықпал ету және Мадуро билігін әлсірету.
Операцияның басталу уақыты мен ауқымы әзірге жария етілмеді.